Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстаның мемлекеттік, республикалық этностық театрлары

Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театры

Тарихи анықтама.

1932 ж. Владивостокта ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақстанға көшірілді (Үштобе, Қызылорда қалалары),ал  1968 ж. Алматыға қоныс аударды. 2003 жылы театр өзінің меншікті ғимаратына көшті ( бұрынғы «Жалын» кинотеатры). Корей театры Корей түбегінен тысқары жұмыс істейтін әлемдегі ең алғашқы этностық және  меммлекеттік театр.

Театр директоры  Ни Любовь Августовна

Мақсаты  –  корей пьесалары негізінде спектакль қойылымдарын ұйымдастыру.

Қызметтің негізгі бағыттары: Театр репертуары Корей, қазақ және шет ел авторларының шығармалары бойынша қойылымдардан тұрады. Аталмыш спектакльдердің қойылымына үлкен үлес қосқан әртістер: Ким Дин, Ли Гир Су, Ли Хам Дек, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е.Ким, Р.И.Ким, режиссерлер мен театр шеберлері:  Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, А.А.Пашков, И.Ким, О.С.Ли және т.б. . ТМД елдерінің аумағындағы бірден-бір  кәсіби корей  ұжымының құрамында «Ариран» және «Самульнори» ансамбльдері жұмыс істейді. Олардың жарқыраған би және вокалды- аспаптық өнері  Қазақстан, Орталық Азия, Ресей Федерациясы мен Корей Республикасының көптеген қалаларыда ел ықыласына бөленуде. 80 жылда театр сахнасында 5 млн. көрермен тамашалаған 250 қойылым мен концерттік бағдарламалар қойылды. Театр  репертуарында ұлттық және заманауи спектакльдер, сонымен қатар қазақстандық және шет ел драматургтерінің қойылымдары.  Барлық спектакльдер корей тілінде қойылып, ілеспе аударма арқылы орыс тілінде беріледі.  Театр корей шығармашылығының барлық жанрын көрсете алатын кәсіби күшін жұмылдырған: драмалық труппа, «Самульнори» фольклорлы-этнографиялық тобы, корей дәстүрлі би өнерінің балет тобы, жеке орындаушылар- вокалистер.  Қазақстанның біріккен этно мәдени саясаты арнасында дамып келе жатқан  Корей театры этностық  ерекшелігі  мен тілін сақтап, көп этностық айналада корей мәдениетінің баюына үлес қосуда.

Байланыс: Алматы қ., Папанина 70/1 көшесі, Ярославский көшесінің қиылысы,  Телефон: +7 (727) 384 82 78 (76), +7 701 309 07 87 E-mail: kor-teatr75@mail.ru Сайт:www.kortheatre.kz

 

Республикалық неміс драма театры

Республикалық неміс драма театры 1975 жылғы 6 ақпанда Теміртау қаласында құрылды.

Негізгі мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасында неміс мәдениетінің мұрасын сақтау мен дамыту. 1990 жылдары неміс театры жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы ғұмырын бастап, театр труппасы Неміс театр академиясының түлектерімен жаңарды. Театр труппасы «Жандану» қозғалысының өзіндік көшбасшылары болды. Алғашында театр көшпелі формата болып, неміс халқы тұратын аймақтарда өнерін көрсетті.   Театр немістер үшін «жан мен ойдың айнасы» болатын. Қойылымдардың атауы да немістер көкейіндегі мәселелерді толғайтын. РНДТ алғашқы кезеңдеріндегі кей қойылымдар мен авторлардың аты-жөні: «Первые» А. Раймген, «От- звуки тех лет» К. Эрлих, «Мы не пыль на ветру» Г. Арнгольда, «Люди и судьбы» В. Гейнц. РНДТ актерларының  бойында  орыс мектебінің «ішкі ойын» мен брехтовтық «азаматтық ұстаным»шеберліктерін ұштасады. 1980-1990 жылдары РНДТ  неміс тілінде сөйлейтін 52 актер болды. Осы аралықта Г. Лессинг, М. Горький, А. Островский, А. Покровский, К. Гольдони, В.Шукшин, А. Арбузов, Э. Скриб, И. Шиллер, А. Гельман, Ф. Дюрренматт, Б. Брехт, Б. Борхед, Н. Гоголь, Ю. Макаров, Я. Хавласек, Ю. Гросс, Г. Клейст, А. Островский, А. Вампилов, Р. Ибрагимбеков, Е.Шварц, Х. Калау, П. Энзикат, Г. Шульце, Х. Чеховский, Я. и В. Гримм секілді ұлы классиктердің шығармалары негізінде 40 спектакль қойылды. Сонымен қатар көрермен назарына ресейлік неміс драматургтары мен жазушылары А. Раймген, А. Дебольской, К. Шиффнер, К. Эрлих, А. Закс, И. Лангеман, Г. Бельгер, П. Варкентин, В. Гейнцтің жұмыстары ұсынылды. 1989 жылы РНДТ Алматы қаласына көшіріледі. 1991 жылы Неміс елшілігінің көмегімен Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты жанында Неміс театр академиясы ашылды. 1994 жылы Неміс театр академиясынан 2 актерлық топ түлеп ұшады. Олар кейіннен РНДТ құрамына қосылады.  Бұл жаңа мемлекет, жаңа мәдениет пен әлеуметтік ортада өмір сүріп жатқан жастар еді.  Жас өрендер арқылы театр жаңа келбетке ие болғандай. Бірнеше жылдар бойы Алматы қаласындағы неміс драма театры жергілікті және еуропалық аудиторияны өз шығармашылығымен қуантып, Еуропаға шығатын өзіндік бір терезе болды. Осы уақыт аралығында бірнеше еуропалық театр қауымдастықтары, режиссерлары, актерлары, хареографтарымен қарым-қатынас орнатылды. Аталмыш серіктестер  Неміс театрының сахнасында өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.  «DTA» бренды (DeutschesTheaterAlmaty) Қазақстандағы неміс театры деп қана емес, сондай-ақ экспериментті театры деп танылған. НТА 2 қабылдауы түлектерінің «Поле чудес» (И. Лаузунд) дипломдық жұмысы театрды әлемге жария етеді. 1998 жылға Германиядағы гастрольдық сапардағы қорытынды спектакль табысы театр үшін күтпеген жалғасын тапты. Ол Мюнхенде өткен неміс тілінде сөйлейтін студенттік топтар фестиваліне шақырылып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Осылайша «Поле чудес» спектаклі Мюнхен қаласындағы фестиваль (қазылар алқасының арнайы марапаты), 1998 жыл; “Театерформен Экспо-2000” фестивалі,  Ганновер қ., 1998 жыл; неміс театрының Гере фестивалі , 1998; жас актерлар фестивалі ,Бенсхайм қ. , 1998; «Ауа, вир лебен» фестивалі ,  Берн қ. , Швейцария, 1999; «Театер дер Вельт» фестивалі , Берлин, 1999; «Театер фестиваль», Базель қ., 2000. Гастрольдық сапарлардан кейін РНДТ бүкіл Еуропаға танымал болып,  DTA (DeutschesTheaterAlmaty) аталынады. Театр Еуропа, Ресей, мен Азия режиссерларының еркін алаңына, талқылауар мен эксперименттер тірі орнына айналады. Ол неміс тілінде жүретін елдегі жалғыз экспериментті әрі репертуарында бір мезгілде   Белля, Б. Брехт, Ф. Шиллер, М. Әуэзов, Мольер, С. Мрожек, Е. Шварц, А.Чехов, И. Гет, А. Жарр, Т. Уильямс, Д. Джойс, У. Шекспир, Г. Бюхнер, Р. Шимпельпфенингтің шығармалары негізінде қойылымдары бар театр . DTA бірнеше рет Германии, Голландии, Бельгии, Австрии, Чехии, России елдерінде болған фестивальдар мен гастрольдық сапарларда болып, қазақстандық театр өнерінің беделін асырды . Қазіргі таңда Республикалық неміс драма театры неміс халқының мәдени дәстүрін сақтау мен заманауи қауымдастықтармен қарым-қатынас орнату секілді жаңа міндеттерді орындаудағы заманауи тәсілдерді іздестіруде.

Директоры  Қазақстандағы «Жандану» неміс қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Дедерер Александр

Байланыс:  Алматы қ., Сатпаева көшесі 64 Д Телефон: +7 (727) 392-01-18, 392-02-33 E-mail: info@dtk.kzwww.dtk.kz

Возврат к списку