Қазақстан халқы Ассамблеясы

БЕКБУДИ САИДА РУСТАМҚЫЗЫ

(ұлты  – иран, Петропавл қаласы)

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті

1997 жылы  15 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Боралдай селосында  туған. 

Оңтүстік Қазақстан облысынан «Серпін» бағдарламасына қатысушы,   «электрик» мамандығы бойынша оқып жүр.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының белсендісі.  

Елбасының қатысуымен өткен республикалық жастар форумының, международного лагеря АНК «Бірлік-Единство.kz» халықаралық лагерінің қатысушысы.

Мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл – достықтың көпірі» облыстық конкурсының Гран-при иегері.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президенті РК Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен марапатталған.

Выступление:

Уважаемые участники Сессии!

Меня зовут – Саида Бекбуди. Мои предки репрессированные иранцы. Они всегда благодарят судьбу за то, что попали именно в Казахстан.  

И я, свой долг - священной казахской земле, хочу отдать честным трудом.

В настоящее время, по программе «Серпін», обучаюсь в Северо-Казахстанской области, стану - электриком.

Құрметті сессияға қатысушылар!

Жастарды индустрияға бастаған  «Серпін – 2050» бағдарламасы – оңтүстік пен солтүстікті  жалғаған  ұлы  көш.

 «Серпін» бағдарламасы - халқы қалың, жұмыс орны тапшы облыстардың жастары  үшін  үлкен мүмкіндік.  

 Бүгінде, бұл бағдарлама бойынша солтүстік және орталық аймақтардың 22 университеті мен 54 колледжінде, 5 облыстан 13 этностың өкілі, 12 мыңға жуық  жастар білім алып жатыр.

Аса құрметті Елбасы!

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, Қазақ елінің екі басын жалғаған, «Қызылорда – Петропавл» бағытында жүретін пойыз шықты.  Тұрғындар оны «Құда-құдағи пойызы»  деп атап кетті.

Бүгінде «Серпіндік» жігіттер солтүстіктің қыздарына  құда түссе, серпіндік қыздар – солтүстік жігіттерінің арманына айналды. Бас қосқан бірнеше жұптар да бар.

Бұл жағынан да еліміздің бірлігі  нығайып жатыр.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Расын айтқанда, бастапқыда сәл қиын болды. Солтүстіктің қысы қатал екен. Бірақ, бізді білім алу жолындағы жастық жалынымыз жылытты.

Білген орысшамыз кейде жетпей жатты. Алайда серпіндіктер – жаңа жағдайларға тез бейімделгіш зерек жастар. Біз орыс тілін де игердік. Ағылшын тілін меңгеріп жатырмыз. Жергілікті жастарды қазақ тіліне үйретудеміз. Осылайша, біз, Сіз армандайтын үш тілді жетік меңгергендердің  қатарын толықтырып келеміз. 

Құрметті сессияға қатысушылар!

Елбасының бастамасымен, биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасы іске қосылды.

 Бұл - 21 мыңнан астам жастардың тегін кәсіби-техникалық білім алуына мүмкіндік береді.

Құрметті Елбасы!

Осындай мүмкіндік үшін, барлық Қазақстан жастары атынан,  Сізге шексіз  алғыс  айтуға  рұқсат  етіңіз!

Біз, Сіз басқарып отырған Ассамблеяның жаңа толқынымыз.

Сіз жариялаған рухани жаңғыру бағдарламасы – ол біздің, ХХІ ғасыр жастарының бағдарламасы. Оны іске асыратын да біз.

 Сондықтан біз, Қазақстанды  жаңартатын, қанатын кеңейтетін, жетістігін еселейтін, бірлікті нығайтатын - алып күш боламыз деп СӨЗ БЕРЕМІЗ.

Рахмет! 

Возврат к списку