Қазақстан халқы Ассамблеясы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

А.Ахметова, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, ұйғыр этномәдени орталығының төрайымы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты егеменді еліміздің Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың мақаласы әрбір тұрғынның көңілінен шығып, көкейіне қонымды болып отыр.

«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін» - деген пікірі – әрбір қазақстандыққа жоғары жауапкершілікті жүктеп отыр. Бірлікті елдіктің темірқазығына балап келген біздің еліміз үшін бұл белестер де бағындырылатыны анық, себебі, ең басты құндылығымыз- азаматтық келісім мен бірлігіміз мығым.

Хайруллин Гриф Тимурович  Алматы облыстық татар және  башқұрт мәдени қоғамы

Елбасының 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы нағыз керек кезінде халыққа жол тартты деп ойлаймын. Себебі, дәл осы рухани жаңғыру мәселесі өте маңызды.

Расында, Президент айтқандай, «еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін» батыстық өмір сүру, ойлау стандарттарын қазақ секілді салт-дәстүрі ерекше халықтарға жаппай еріксіз таңудың болашағы бұлыңғыр. Біз осы тұрғыда ұрпақ тәрбиесін қатаң түрде қадағалауға мойын бұруымыз қажеттілігі анық.

Демек, Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу деп атап көрсеткендей, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы басты құндылықтарымызды насихататуға, қорғап, қолдауға бір кісідей жұмыла атсалысуымыз қажет. Осы тұрғыда қолға алынып жатқан «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдаймыз.

Аслы Осман Әлиқызы  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымы
Ел жаңарып, сана –сезім де заман ағымына сай өзгеріп, рухани жаңғыруда. Әрине, бұл біркүндік жұмыс емес. «Көш түзелді, сен де түзел» демекші, ауқымды және іргелі жұмыстардың жанынан табылып, жаңа үрдісті істердің басында болуымыз керек. Мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін Елбасымыз айтқан сара жолда әрбір жүрегі «Елім», «Қазағым» деп соққан азамат өте жоғары жауапкершілікпен Мәңгілік ел болу жолында жүрегінің отымен, кеудесіндегі өр намыспен еңбек етіп, жемісін келер ұрпақ бағалайтындай өмір сүруі керек.

Возврат к списку