ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ
«Jomart jan» номинациясы – үздік еріктілер жобасына конкурс.
Байқаудың міндеттері: үздік еріктілер жобаларын, соның ішінде балалар мен жастар арасындағы қайырымдылық жобаларды анықтау, тарату және қолдау, еріктілер қозғалысын ақпараттық-әдістемелік қолдау.
Байқауға еріктілер, көшбасшылар, еріктілердің коммерциялық емес ұйымдары мен бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін өтініштер Қазақстан халқы Ассамблеясының assembly.kz мультимедиялық порталында қабылданады.
Конкурстық комиссия алдынала қарағаннан кейін қатысушы электрондық мекен-жайға хабарлама алады. Әрбір қатысушы тұрақты негізде өз жобасын іске асыру барысы туралы фото немесе бейне есеп беруі тиіс.
Келесі индикаторлар бойынша жобалар үздік деп танылады:
- жұмылдырылған еріктілер саны;
- өткізілген акциялар саны, көмек алған халықты, ұйымдарды қамту;
- әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу;
- көрсетілетін көмектің жүйелілігі және оның мөлшері.