ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА
Жобаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қатысушы Instagram немесе Facebook әлеуметтік желілерінде #jangyrujoly #dangylzhol жалпы хэштегтердің астында өз аккаунттарында іске асыру барысы туралы фото немесе бейне есеп беру қажет.
Қатысушының аккаунты жобаның барлық уақытында ашық болуы маңызды. Әр ай сайын қатысушы конкурс ұйымдастырушыларынан электрондық мекенжайға қажетті хабарламаны жіберу арқылы ұйымдастырушылардан өткізілген іс-шараларға баға алатын болады.
«Bіrlіk» номинациясы – үздік әлеуметтік жоба байқауы.
Бұл номинацияға барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелер, ҮЕҰ, жеке тұлғалар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдер саны шектелмеген.
Жобаның мақсаты: жастардың әлеуметтік өсуінің жаңа мүмкіндіктерін құру: сапалы білім алу, жаңа жұмыс орындарын құру, жас кәсіпкерлерді қолдау, жастардың түрлі санаттарын мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне және т. б. қатысуға тарту.
Шарттары: конкурсқа қатысуға жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыратын жастар ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің, бизнес-құрылымдардың өтінімдері қабылданады.
Байқауға қатысу үшін өтініштер Қазақстан халқы Ассамблеясының assembly.kz мультимедиялық порталында қабылданады.
Қосымшада толтыруға арналған форма берілген, өтінімге сонымен қатар Power Point немесе PDF форматындағы сіздің жобаңыздың таныстырылымын қоса беру қажет (10 слайдтан артық емес).
Конкурстық комиссия алдынала қарағаннан кейін қатысушы электрондық мекенжайға хабарлама алады. Әрбір қатысушы тұрақты негізде өз жобасын іске асыру барысы туралы фото немесе бейне есеп беруі тиіс.
Келесі индикаторлар бойынша жобалар үздік деп танылады:
- жастар үшін құрылған жұмыс орындарының немесе жастарды еңбекке тарту саны;
- әлеуметтік, консультациялық және өзге де көмек алған жастар саны;
- енгізілген инновациялық идеялар саны;
- жобаның мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де нәтижелер.