«Келісім» волонтер-медиаторлар жобасы
Өзекті мәселе және оны іске асыру
Соңғы жылдары қоғамдағы қақтығыстар мен әлеуметтік жағымсыз көріністердің алдын алу бойынша жұмыс жүйесі құрылып, үнемі өзгеріп отырады. Көші-қон, жаһандану, ақпараттық технологиялардың қоғамдық қатынастарға әсері, екпінді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер сияқты процестер қақтығысқа ден қоюдың әдеттегі тәсілдерін қайта қарауды талап етеді. Соңғы жылдары байқалғандай, дауларды шешудің дәстүрлі (мысалы, сот) тәсілдеріне балама әдістерді дамыту, бірақ оларды алмастыру үшін емес, тараптардың арасында туындаған келіспеушіліктерді реттеуге барынша тиімді тәсілдерді таңдауға және олардың өздерінің жауапты көзқарасын дамыту қажеттілігі туындағанының айқын дәлелі болып табылады.
Медиатор-волонтерлер – бұл коммерциялық, корпоративтік, отбасылық, еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ саласындағы дауларды реттеу үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтуға (ұлтаралық, этносаралық, конфессияаралық өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге арналған институттарға медиацияны біріктіру болып табылатын) жәрдемдесудің жаңа құралы.
Қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қауіпсіз кеңістікті қалыптастыру үшін негіз бола алады. Азаматтарды медиативтік тәсіл арқылы жанжалдарды шешуге үйрете отырып, біз өзімізді құрметтеуге, белсенді өмір позициясын ұстануға және дамытуға, адамдарды бағалауға және қабылдауға үйретеміз. Осыған байланысты осы әдісті қоғамда енгізу және қолдану мақсатында медиатор-волонтерлерді дайындау қажеттілігі туындайды. Бұл жобаның әлеуметтік мақсаттылығының жоғары маңызы бар.
Бұл жобаның жаңашылдығы мынада – біз қалпына келтіру бағдарламалары үшін жетекші мамандарды дайындап қана қоймай, бірлесіп және тиімді жұмыс істеуге қабілетті команданы дайындаймыз. Жобада жұмыс істеуге ынталандыруға, қалпына келтіру технологияларының құндылықтық аспектісін қабылдауға, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жобаның мақсаты:
Жоба корпоративтік, еңбек, отбасылық, саяси, сақтандыру, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда медиатор-волонтерлер тобын дайындау үшін практикалық-бағытталған болып табылады.
Жобаның сипаттамасы:
Медиатор-волонтерлер:
- топта, ұжымда жұмыс істеуді;
- медиация үшін қолайлы жағдайларды саралауды;
- жанжалды жағдайларды талдауды;
- жанжалдарды шешу стилін белгілеуді;
- татуласу факультативтерін өткізуді;
- қалпына келтіру медиациясының қағидалары мен стандарттарын сақтауға сүйене отырып, медиатор ретінде өз қызметін жетілдіруді және пайымдауды;
- жинаған тәжірибесін әр салада өзін-өзі таныту және көрсету үшін пайдалану мүмкіндігін алады.
Күтілетін нәтиже:
- волонтерлік қызметтің медиациясының бірыңғай тұжырымдамасын қалыптастыру;
- даулы жағдайларды конструктивті шешу;
- әлеуметтік-маңызды қызметте өз деңгейін көтеру;
- командада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
- қалпына келтіру тәсілінің құндылығын қабылдау;
- коммуникативтік мәдениетті арттыру.
Медиатор-волонтерлер уақыт өте келе құқықтарды қорғау жүйесіндегі көптеген салаларда, әсіресе, келіспеушіліктерді барынша тез және сапалы тұрақты нәтижемен шешу мүмкіндігі жеке тұлғалар үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықтың, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімінің кепілі болып табылатын салаларда лайықты қолданылатын болады.
_______________________
Үйлестіруші – Әсел Сайлаубай (+7 7712999971), кәсіби медиатор, «Qorgau» Халықаралық медиация және келіссөздер академиясының президенті
23 Қазан, 23:56
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
23 Қазан, 01:05
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
25 Қазан, 10:41
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
28 Қазан, 22:18
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
23 Қазан, 21:33
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі