Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» арнайы қоғамдық жобасы аясында іске асырылатын негізгі жобалары
№ |
ЖОБАНЫҢ АТАУЫ
|
ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ |
1. |
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» форумы |
Ұйымдастырылуы: 2019ж. бастап, жыл сайын.
Мақсаты: Ассамблея амбассадорларының жеке тәжірибесі мен тіл үйрену тәсілдерін көрсету арқылы мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндіктерін насихаттау, тілді оқытудың жаңа әдістемелерін тарату, мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастардың тәжірибесін көпшілікке насихаттау. Форумда қазақ тілін өз ана тіліндей меңгерген азаматтар емін-еркін ой-пікір алмасып, тіл үйрену жолын өзгелерге үлгі ете отырып, баяндап береді.
Қамтылуы: кемінде 150 адам.
Өтті: Астана (2020), Алматы (2021), Петропавл (2022), Павлодар (2023), Көкшетау (2024) |
2. |
«МЫҢ БАЛА» мәдени-ағартушылық жобасы
|
Ұйымдастырылуы: 2015 ж бастап, жыл сайын.
Мақсаты : мемлекеттік тілді меңгеруге ынта-ықылас танытқан түрлі этностық топтардың жас жеткіншектерін іріктеп, ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға үлес қосу. Жобаның «мәдени-тілдік ортаға бойлау» бағыты халықаралық тәжірибені ескере отырып құрылған, бұл барлық қатысушыларға мәдени және тілдік ортаға толықтай кірігуге (шығармашылық жобалар мен байқауларға қатысу, мемлекеттік тілде фильмдер көру және т.б.) мүмкіндік береді.
Қамтылуы: республика бойынша 300-ге жуық адам
Өтті: барлық өңірде |
3. |
«МӘМІЛЕ» қазақ тілінде пікір алмасу клубтары «Ситуативный казахский» жобасы |
Мақсаты: Достық үйлері базасында Қ.Тасибековтың жобасы негізінде бастау алған. Басшылықтың өңірлерге іссапарлары кезінде мемлекеттік тілді үйренушілер тарапынан Достық үйлерінде өтетін қазақ тілі курстарының сағатын көбейту және жұмыс істейтіндер үшін қолайлы уақытқа ауыстыру туралы өтініштер түседі. Сол себепті, мамыр айында Достық үйлерінің қазақ тілін үйрету сабақ кестесі жаңартылып, көпшілігінде қосымша сабақ уақыттары қосылды.
Қамтылуы: Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, ШҚО, БҚО, Павлодар, Жетісу облыстарында Достық үйлерінде тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.
Қазақ тілі үйрететін курстар: Алматы, Ұлытау, СҚО-да арнайы қазақ тілі курстары бар.
|
4. |
«ҮЙДЕ СӨЙЛЕ» жобасы
|
Ұйымдастырылуы: 2023 ж бастап.
Мақсаты: тіл үйренушіге үйден алысқа ұзамай-ақ тілді қызықты форматта үйренуге жағдай жасалады. «Үйде сөйле» жобасы өңірлерде белсенді түрде жүзеге асырылуда.
|
5. |
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ЕРТЕГІЛЕРІ» жобасы
|
Ұйымдастырылуы: 2021 ж бастап.
Екі томдық жинаққа Қазақстанның 25 ірі этносының 114 халық ертегісі енгізілді. «Қазақстан халқы ертегілері» жинағы ел этностарының әдеби мұрасы ретінде қазақ тілінде алғаш рет жарық көрді. Жинаққа Қазақстанның 25 ірі этносының – орыс, өзбек, корей, неміс, шешен-ингуш және т.б. этностардың 114 халық ертегісі енгізілді.
Шығарылуы: Кітап мемлекеттік тілде шығарылды, 4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған екі томнан тұрады
Кітаптың жалпы тиражы: 4000 дана (әр бөлімі 2000 дана).
Ертегілер жинағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептерге, сондай-ақ кітапханаларға таратылады. Ертегілерге бейнероликтер түсіріліп, «Ертегілер әлемі» жобасы «YouTube» платформасында орналастырылды. |
6. |
«ТІЛ МЕКТЕБІ» жобасы |
Ұйымдастырылуы: 2017 ж бастап, жыл сайын.
Жобаның мақсаты – этностар өкілдері арасында мемлекеттік тілді дәріптеу, қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемелерімен таныстыру және мемлекеттік тілді одан әрі өз бетінше оқуы үшін тіл үйренушілерге жағдай жасау арқылы тілдің қолдану аясын кеңейту. 2024 жылдың 14 мен 18 қазан аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне арналған «Тіл мектебі» жобасы өтті. Ауқымды шараға биыл барлық облыстардан 30-ға жуық адам қатысты. Қатысушылар ішінде қазақ тілінде сөйлетін және этносаралық қатынас тілі ретінде насихаттайтын - жастар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, бес күн бойы мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы тілдің қыр-сырын меңгерді.
Қамтылуы: жыл сайын 25-30 адам қатысады.
Өтті: барлық өңірде
|
7. |
ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ |
Ұйымдастырылуы: 2016 ж бастап.
Мақсаты: 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырып, әр жылдың атаулы даталарына байланысты тақырып таңдалып, өңірлерге диктант мәтіні (бір күн бұрын) жіберіледі. Диктантқа қатысушыларды ынталандыру мақсатында сертификаттар беріледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында 2024 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылсайынғы жалпы қазақстандық ашық диктантын өткізді.
Қамтылғаны – 15 000-ға жуық адам.
Өтті: барлық өңірде |
8. |
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» Қазақстан халқы Ассамблеясының құрама командасы |
Ұйымдастырылуы: 2024 ж бастап.
Мақсаты: этносаралық келісім мен ҚХА-ның имидждік бейнесін креативті хаб ретінде нығайта отырып, жастар арасында сабақтастықты қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрама командасы «Жайдарман» Ұлттық лигасының финалдық бәсекесінде чемпион болды. |
9. |
«QAZAQ CYBERSPORT» жобасы |
Ұйымдастырылуы: 2024 ж бастап. Мақсаты: ҚХА «Qazaq CyberSport Federation» РҚБ-мен өзара ынтымақтастық орнату және оның комментаторларын мемлекеттік тілде ойын жүргізуге даярлау. 2024 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» эобасының жетекшісі Геннадий Геннадиевич Шиповскихтың «Qazaq Cybersport Federation» вице-президенті Ефим Анальевич Черваков және атқарушы директоры Қазбек Жарқынұлы Жанғазиевпен кездесіп, жобаны жүргізу мәселелерін талқылады. ҚХА мүшелері мен өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ мамандарынан оқытушылар белгіленді. ҚХА «QAZAQ CYBERSPORT» бағыты бойынша 7 комментатор арнайы ҚХА оқытушыларының курсынан өтті. |
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті