Қазақстан халқы Ассамблеясы

425

Абдуллин Ришат Мукимович

Өмір жылдары: (1916 – 1988 жж.)

    Кеңестік және қазақстандық көрнекті опера әншісі (баритон). КСРО халық әртісі.

    Мүсілім Абдуллиннің егіз сыңары. 12 жасынан бастап Ришат ағасы Мүсіліммен бірге Белоусовский руднигіндегі әкесіне арбакеш болып жұмыс істеп көмектеседі.

    1933-1935 жылдары Ришат Абдуллин Алматы музыка және драма техникумында білім алды, опера әншісі, Қазақ КСР халық әртісі (1947 ж.) атанды.

    1936-1939 жылдары А.И. Вишневский атындағы Мәскеу консерваториясындағы қазақ студиясында оқыды.

    1939 жылдан Қазақ опера және балет театрының солисі (Алматы).

    Зайыбы Абдуллина Лямиға үш баланы дүниеге әкелді: ұлдары Заур және Шамиль, қызы Зухра. Заураның қызы Карина Абдуллина – танымал қазақстандық әнші, «Мюзикола» тобының вокалисі.

    Абдуллиндердің немерелерінің ішінен тек Карина өнер жолын таңдап, нағыз жұлдыз атанды. Аталарының туғанына 100 жыл толғанда, ол мұрағаттық жазбалары бар диск шығарды. «Біздің отбасымыздың дағдысы бойынша, - дейді Карина, - әркім өз жолын өзі табады. Көмектесу және демеп жіберу деген жоқ. Осындай тектінің ұрпағы болу – үлкен жауапкершілік».

    «Ұлы гуманист бейнесі бойынша жұмыс істеу барысында мен Абай әндері картинасының сценарийі Мұхтар Әуезовтің «Абай» романын қайта оқып шығуым керек еді», - деп жазды Ришат Абдуллин.

     

    Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

    Қазақ операларындағы негізгі партиялардың алғашқы орындаушысы: Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» туындысы, 1944 ж.), Олжай («Бекет», Зильбер, 1940 ж.), Айдар, Тастан, Артём («Алтын дән», 1940 ж., «Гвардия, алға!», 1942 ж., «Дударай», 1953 ж., Брусиловский), Гульмат (Кужамьяровтың «Назугум», 1959 ж.) және т.б. Келесі партияларды қазақ және орыс тілдерінде орындады: Онегин; Киязо («Даиси» Палиашвили), Шарплес («Чио-Чио-сан»), Эскамильо, Жермон және т.б.

    Ол ағасы Мүсіліммен бірге өнер көрсетті. Ағайынды Абдуллиндер орыс, батысеуропалық классикалық және кеңестік композиторлардың операларында жетекші партияларды шырқады. Мүсілім тенорлық, ал Ришат баритон партияларын орындады.

    Ағасымен бірге дуэтте Ришат концерттерде ән салды. Репертуарында орыс және қазақ композиторларының туындылары, қазақ, орыс, татар және басқа халықтардың әндері болды.

     

    Шығармашылық мұрасы

    Ришат өзінің алғашқы басты - Олжайдың рөлін - 1940 жылы А. Зильбердің «Бекет» операсында сомдады. Мүсілім бұл қойылымға Сержан рөлінде қатысты. Музыкалық сыншылар әртістердің актерлік және вокалдық шеберліктерін жоғары бағалады. Ұлттық операның негізін қалаушы Е.Брусиловскийдің кейінгі шығармаларында екі ағайынды да қатысушы болды: батырлық-тарихи «Жалбыр» операсындағы Сүгір мен Қайрақбай (1936 ж.), «Ер-Тарғын» батырлық-эпикалық операсында Балпан мен Көжен (кейіннен Қапан) (1937 ж.), Е. Брусиловскийдің «Алтын астық» заманауи тақырыптағы операсындағы Айдар мен Сапардың рөлдері (1940 ж.). «Жалбыр» операсында ағайынды Абдуллиндер өңін өзгерту өнерін керемет көрсетті. Ришат Абдуллин Сүгір рөлінде болыстың інісі ретінде өз образының аяусыз қатыгездігімен және өктемдігімен көрерменді толық баурап алды.

    Олардың өнері көркем, ұлттық, демократиялық, сондықтан тыңдаушылар арасында кең танымал болды. Соғысқа дейінгі кезеңде Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер қазақ опера өнерінің көрнекті қайраткерлеріне айналды, бүкіл елге танымал болды. Олар әртіс ретінде тез қалыптасты және осы кезеңде «бірінші» және «алғашқы» сөздері егіз бауырлардың шығармашылық өмірбаянына енді.

    Үлкен жетістігі көп ұзамай Ришат Абдуллинге шығармашылық операның шыңына, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің операсындағы Абайдың рөліне жақындауға мүмкіндік берді. «Абай» операсы ағайынды Абдуллиндер қатысқан он үшінші опера болды. 

     

     

    • 1947 ж. - Қазақ КСР халық әртісі.

    • 1967 ж. - КСРО халық әртісі.

    • 1978 ж. ж. - А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Абайдың рөлі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы.

    • Октябрь Революциясы ордені.

    • 1959 ж. - Еңбек Қызыл Ту ордені.

    • 1986 ж. - Халықтар достығы ордені.

    1. Абдуллин М.М. // Музыкальная энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия, Советский композитор. Под ред. Ю.В.Келдыша. 1973—1982.

    2. Абдуллин Р. Как я работал над созданием образа Абая в опере «Абай»: кн. Возрождение песни. - 1958.

    3. Жақанов И. Рассказы о музыке. Ария Абая: кн. Вальс любви. 

    4. Евдокименко К. В нашей семье всем везет в любви. //Время, 13 апреля 2016.

    5. Есембаева З.Т. Опера в жизни певцов Абдуллиных. //Сборник материалов Республиканской научно-практической конференции «Музыкальное образование в современном мире», посвященной 100-летнему юбилею народных артистов братьев Абдуллиных. Усть-Каменогорск, 2016 с.157-163

    6. Кузембаева С. Этапы творческих свершений: кн. Воспеть прекрасное. - 1982. 

    7. Мацкевич О. Самые светлые ночи. Братья. - Алма-Ата. - 2003. 

    8. Мекишев Б., Бисенова Г. Кн. Казахский государственный академический театр оперы и балета имени Абая. 

    9. Mессман В. Артисты национальной оперной сцены: кн. Возрождение песни. А.-А., 1958, с. 352-55.

    10. Театральная энциклопедия. Том 1. /Глав. ред. С.С.Мокульский - М.: Советская энциклопедия, 1961 - 1214 стр.

    11. Хамиди Л.A., Хамиди Р.Л., Жизнь в искусстве, А.-А., 1967;

    • 2016 жылғы 3 наурызда аты аңызға айналған қазақстандық әншілер, ағайынды Абдуллиндердің туғанына жүз жыл толды.

    • 2016 жылы Өскеменде әншілердің туған жерінде ағайынды Абдуллиндердің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі заманғы әлемдегі музыкалық білім» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

    • 2002 жылы Шығыс Қазақстан өнер колледжіне ағайынды Абдуллиндер есімі берілді. Мектеп қабырғасында Республикалық Абдуллин вокалистер байқауы өткізіліп, еске алу кеші, стипендия белгіленеді, мемориалдық мұражай өз жұмысын бастады.

    • Алматыдағы ағайындылардың құрметіне көше атауы берілді.

Кейін қарай