Қазақстан халқы Ассамблеясы

588

Гендельман Моисей Аронович

Өмір жылдары: (1913-2005 жж.)

    Белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, мұғалім-тәлімгер, ғылымды ұйымдастырушы және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Астана қаласының құрметті азаматы.

    Қазақстандағы жерге орналастыру ғылымының корифейі, ғылыми мектептің негізін қалаушысы болды. Қазіргі уақытта оның ғылыми мектебінен шыққандар Қазақстан, Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Германияда жұмыс істейді. Ол 235 ғылыми еңбек қалдырып, білім берген жылдары 45 кандидат және 10 ғылым докторын даярлады.

    Профессор М. Гендельман шығармашылығындағы маңызды кезең тыңдағы жұмыстармен байланысты болды. М.Гендельманның есімі қазақ аграрлық ғылымында ерекше құрметке ие. Ол 70 жылдан астам өмірін еліміздегі байлықтың қайнар көзі – жерді ұйымдастыруға арнады. Бірқатар іргелі еңбектер мен зерттеулердің өзектілігі, олардың жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, баяндамаларының полемикалық әсері оның ауылшаруашылық және экономикалық ғылымдарының көрнекті теоретиктерінің бірі ретінде танылуына ықпал етті.

    Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

    Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін, ол Ақмолаға жаңа Аграрлық университеттің жұмысын ұйымдастыруға директордың ғылыми және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және бөлім бастығы ретінде жіберілді. Өзінің сүйікті ісіне берілген ол өзінің жиырма жыл уақытын Ақмола (кейіннен Целиноград) ауылшаруашылық институтына арнады.

    Сондай-ақ, 22 жыл бойы (1961-1982 жж.) еліміздегі осы ірі университеттің ректоры және 1982-1989 жылдар аралығында жерге орналастыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, институт құрылған күннен бастап 1994 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, жерге орналастыру мен кадастр бойынша өндірістік зертхананы басқарды.

    Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары

    1941 жылы 26 маусымда Моисей Гендельман қатардағы ерікті ретінде майданға аттанды. Гитлер радиостанцияларының шақыру белгі жүйелерін анықтағаны үшін ол алғашқы әскери марапаттары – «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарын алды. Моисей Аронович соғысты Тынық мұхитта аяқтап, әскерден босарда өз полкінің жауынгерлеріне «Шартты қарсыластың радиостанцияларының тактикалық және техникалық мәліметтері» оқулығын қалдырды.

     

    Моисей Аронович жеңісті Берлинде көптеген ордені бар офицер ретінде қарсы алды. Рейхстагтың қабырғасында ол шегемен: «Сіздер енді бізге келмес үшін, Моисей Одессадан келді» деген жазу қалдырды.

    Шығармашылық мұрасы

    М. Гендельман қазіргі Нұр-Сұлтан мемлекеттік архивінің негізін қалаушылардың бірі. 2011 жылғы мамыр айында М. Гендельманның қызы Светлана Моисеевна Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архивіне 1933-2005 жылдарды қамтыған 14 дана құжаттарды тұрақты сақтауға тапсырды. Құжаттардың ішінде: өмірбаяны, еңбек қызметі туралы құжаттар, «Бейбітшілік, соғыс және туған жердегі өмір туралы», «Есімім өшпейді екен...» кітаптары, марапаттар, құттықтау хаттар, сонымен қатар өмірдің әр жылдарында түсірілген фотосуреттер бар.

    II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін» (1943 ж.), «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдерімен наградталды. Қазақ КСР ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қызметкері, Астана қаласының құрметті азаматы.

    Гендельман М.А. О мире, войне и о матушке-земле.

    Гендельман М.А. «А ведь я еще жив…»

    Гендельман М.А.Тактико-технические данные радиостанций условного противника.

    Гендельман М.А. Внутрихозяйственное землеустройство колхозов степи. М.: Колос, 1971.

    Гендельман М.А., Спевтор М.Д., Тихомирова Е.Д. Планировка сельскохозяйственных районов. М.: Колос, 1971.

    Гендельман М.А. Землеустроительное проектирование.М.: Агропромиздат, 1986.

    Планировка целинных сельскохозяйственных районов [Текст] / М.А.Гендельман, Е.Д.Тихомиров, М.Д.Спектор. - Москва; Целиноград: Колос, 1964. - 247 с.

    Научные и методические основы землеустройства [Текст] / [М.А.Гендельман [и др.]; под ред. М.А.Гендельмана. - Москва: Колос, 1978. - 272 с.

    Кулакова Е. Гендельман Моисей Аронович. 18 марта, 2014.

    Гендельман Моисей Аронович. Қазақ Энциклопедиясы, 2-том.

    Гендельман Моисей Аронович http://www.agroweb.unesco.kz/level2/sci/scigma.htm

    Наш полк. Гендельман Моисей Аронович https://polk.inter.ua/ru/polk/21629-gendelman-moisey-aronovich

    2003 ж. 24-26 наурыз аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінде атақты ауыл шаруашылық ғалымы М.Гендельманның 90 жылдығына арналған «Ауыл шаруашылығы ғылымы мен білімінің болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

    Нұр-Сұлтанда 2008 жылы М.Гендельманды еске алуға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Оны Бөкейхан көшесіндегі бес қабатты ғимараттың қабырғасынан көруге болады, онда көрнекті ғалым, майдангер, Ақмола ауылшаруашылық институтының бұрынғы ректоры, профессор және Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы жиырма жылдан астам өмір сүрген.

    М.А.Гендельманның 105 жылдығына арналған көрме 2018 жылдың 16 мамырында Одесса қаласында өтті.

Кейін қарай