
302
Романенко Эмануэль Иосифович
Өмір жылдары: (1903 – 1970 жж.)
Тулалық дарын музыкалық аспаптардың шебері еді. Қазіргі кезде көптеген шеберлер жасап жатқан және ел аумағынан тыс жерлерде танымал болған қазақ домбырасының заманауи стандартын Эмануэль Романенко ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында жасаған.
1930 жылдардың басында Ахмет Қуанұлы Жұбанов Қазақстанға домбыраның жаңа нұсқаларын жасауға келген дарынды шеберлер – ағайынды Борис пен Эмануэль Романенкаларды өзіне шақырады. Эмануэль сол күйі Алматыда жұмыс істеуге қалады.
1932 жылы оркестр аспаптарының – домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілері әзірленіп, жасалды.
1933 жылдан кейін Ахмет Жұбанов музыкалық-драмалық колледж базасында республикадағы алғашқы халық аспаптар оркестрін құрды. Техникумда домбыра мен қобызды оркестрлік диапазонға сәйкес жетілдіру және біріздендіру үшін тәжірибелік шеберхана ашылды. Ленинградтан Ахмет Жұбанов шақырған композитор Евгений Брусиловский музыкалық эксперимент шеберханасында жұмыс істеді. Сол кезде қазақтың музыкалық аспаптарының алғашқы үлгілері жасалды.
Музыкалық эксперименттік шеберхананың қызметкерлері қазақ домбырасын жетілдіруге кірісіп кетеді. Ағайынды Романенколар орыс музыкалық аспаптарымен жұмыс істеген, тәжірибелері бар. Халық аспаптар оркестріне үлгі ретінде атақты В.В. Андреевтің орыс оркестрі алынды.
Домбыралардың тұтас бір сериясын шығару үшін материалдарды іріктеу жұмыстары басталды. Аспаптың корпусына жаңғақ тақтайшалар жиынтығы келтірілді, мойнына қайыңды алды, ал беті Алатау бөктерінде өсетін Тянь-Шань шыршасынан дайындалды. Өзінің сопақша корпусы мен ұзын мойынымен жаңа аспап Батыс Қазақстанда таралған домбыраға ұқсады.
Пішіні мен өлшемі әзірленіп, бірнеше айдан кейін музыкалық-эксперименттік шеберханада орындалған сызбалар бойынша жаңа домбыраның үлгісі ұсынылды. Белгілі бір аралықта бекітілген пернелер жылжымалы пернелердің ауыстырылатын мойнына орнатылады. Домбыра ішектері қолдан жасалған емес – бұл жоғары баптауға төтеп бере алатын фабрикалық кетгуттар болды. Бұл аспаптың таза, күшті дыбысталуына және темпераментті жүйеге көшуіне ықпал етті. Мысалы, үлкен контрабас-домбыра әдеттегі домбырадан мүлде өзгеше естіледі.
Шығармашылық мұрасы
Ағайынды Романенколар жасаған алғашқы аспап сынақ үшін қазақтың халық аспаптарын жетілдіру бойынша эксперименталды шеберхана жұмысына белсене қатысқан домбырашы Махамбет Бөкейхановқа тапсырылды.
1942 жылы Эмануэль Иосифович Романенко Қазақ филармониясының шеберханасына ауысады. Мұнда ол қазақтың халық аспаптары оркестріне арналған әртүрлі домбыра түрлерін әзірлеп, жасады. Осылайша ұлттық оркестрлердің ажырамас бөлігіне айналған прима-домбыра, альт-домбыра, тенор-домбыра, бас-домбыра және басқа аспаптар пайда болды. Шебер домбыра мен қобызды жетілдіруге үлкен үлес қосты, нақтырақ айтқанда, пикколо, прима, альт, тенор және т.б.
1952 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Эмануэль Иосифович Алматы консерваториясының музыкалық эксперименттік шеберханасында жұмыс істеді. Романенконың, Қасымовтың және олардың ізбасарларының еңбек құралдары музыкатанушылар арасында әлі күнге дейін жоғары бағаланады.
Э.И. Романенконың жасаған домбыраларында өзіндік ерекше дыбысы бар. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша көрнекті шебердің бірнеше аспаптарын табуға болады.
30-жылдардың ортасында домбыра қазақтың басқа халық аспаптарымен бірге оркестр дыбысына ие болды.
Естеліктер: «Музыкалық эксперименталды шеберханада және халық шығармашылығын жазу мен өңдеуде жұмыс жасаған алғашқы жылдарымда халықтық музыкалық аспаптарды зерттеу және жетілдіру мәселелерін шешуде үлкен қиындықтар кездесті. Акустика заңы негізінде домбыра мен қобыз жасай алатын жекелеген қолөнер шеберлерінен басқа заманауи қазақ музыкалық кәсіби шеберлері болмады», – Ахмет Жұбанов.
«Домбыра – бұл тұтас философия, өз алдына бір әлем. Қазақтардың адал серігі киіз үйдің төрінен лайықты орынын алған. Домбыра арқылы қыр тұрғындары әңгіме-дүкен құрған, дауын шешкен, жаңалықтарын жеткізген, ілтипатын білдірген, махаббатын жеткізе білген…»
«Қазақтар домбыраға әрқашан ерекше құрметпен қараған. – Алматыда өткен студенттік жылдарымда мен Романенконың музыкалық консерваториядағы студиясына жиі келіп тұратынмын, оның шығармашылығына тәнті едім. Мені сол жер магнит сияқты тартатын да тұратын. Бұйымның бағасы студент үшін қымбат болды. Бюджетім қарапайым болғандықтан, артық шығын шығара алмайтынмын, сол себепті де құр тамашалуға баратынмын, – деп еске алады Мырзатай Жолдасбеков. – Ол нағыз шебер – талант, табиғат оның қолын алтын етіп, ал ішкі түйсігін мықты етіп жаратқан.
Эмануэль Романенко 1970 жылы қайтыс болып, Алматыда жерленген.
1. Шәкәрім Ж. «Көне дүние күмбірі». Алматы, 2013.
2. Сарыбаев Б. «Қазақтың музыкалық аспаптары». Алматы, 1981.
3. Еңсепов Ж. «Домбыра» журналы Алматы, 03. №1. 2007.
4. Абишева Б. Темір үзер қылыштың аты болар «Алдаспан». «Новая музыкальная газета». № 2. 2011.
5. Назарбаев Н.А.: Домбра - паспорт и бренд казаха 01.07. 2018. Tengrinews.kz. https: // tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-dombra-pasport-i-brend-kazaha-347945/
6. Домбыра аспабының шығу тарихы және арт индустриядағы даму деңгейі А. Джумагалиева, Ерасыл Қаумбаев, «Ақиқат» журналы, 20.07.2015. http: // akikat.kazgazeta.kz/?p=6085
7. Антонов С. Загадка казахской души: как появилась домбра и в чем секрет ее звучания / HISTORY 24.07.2018. https://www.voxpopuli.kz/history/zagadka-kazahskoy-dushi-kak-oyavilas-dombra-i-v-chem-sekret-ee-zvuc...
8. Нокрабекова З. Звуком и статью своей увлекая / «Казахстанская правда». - 5.05.2017. https://kazpravda.kz/articles/view/zvukom-i-statu-svoei-uvlekaya
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады