
600
Симашко Морис Давидович
Өмір жылдары: (1924-2000 жж.)
«Қазақстан – шынымен де барлық мәселелері мен үміттері бар әлемнің айнасы. Құрлықтың өзегі болып табылатын бұл тарихи тағдырдың жазуымен «күнәкар жердің барлық Бастилиясын» өзіне сыйдырды. Бұл жерде әлемдік діндер және олармен байланысқан конфессиялар бейбіт қатар өмір сүреді». Морис Симашко
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және Рухани Келісім сыйлығының лауреаты, 1986 ж. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Орталық Азия тарихы туралы көптеген шығармалардың авторы.
1999 жылы «Семирамида» романы үшін Қазақстан Жазушылар одағынан Нобель сыйлығының әдебиет саласына үміткер болып ұсынылды. І. Есенберлин, Ғ. Мүсірепов Т. Әлімқұлов және басқалардың еңбектерінің тамаша аудармашысы.
Морис Давидович Симашко 1924 жылы 18 наурызда Париж Коммунасы күнінде дүниеге келді, сондықтан оған француздың Морис есімі берілді.
Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері
«Төртінші Рим» Морис Симашконың өсиетіне айналды ... Оның ішінде адам мен тарихтың тынысын сезінуге болады» (В. Бадиков, әдебиеттанушы).
Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары
М. Симашконың шығармашылығында еуразияшылдық идеяларына сәйкес қазақ және орыс халықтарының ең жақсы өкілдерінің рухани және интеллектуалды қоғамдастығы идеясы барынша айқын көрініс тапты. Автор «Қоңырау» деректі романының кейіпкері Ыбырай Алтынсаринның бойында өзінің ұлттық қадір-қасиетін ешқашан ұмытпайтын, қазақ балаларына білім берудің еуропалық формасының жақтаушысын көреді.
Шығыс тақырыбы, оның өнері мен ғылымы «Повести Красных и Черных песков» циклында («Искушение Фраги», «Емшан», «Парфянская баллада», «В Черных песках», «Хадж Хайяма»); «Гу-га» повесінде, «Маздак» (1971 ж.) романында, «Искупление дабира» (1979 ж.), «Комиссар Жангелдин» (1978 ж.), «Қоңырау» (1982 ж.), «Семирамида» (1988 ж.) туындыларында көрініс тапқан. Морис Симашконың «Төртінші Рим» атты кітабы оның өмірінің, соның ішінде жазушылық өмірінің өзіндік қорытындысы болды.
Морис Симашко Орталық Азиядағы тарихи романстар мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды, оның романдары әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылды, оның «Случай в Дашкале», «В Черных Песках», «Сұлтан Бейбарыс» сценарийлері бойынша он шақты фильм қойылды.
Ананьева С. Встречи, которые выбрали нас - Алматы, 2004. - 474 с.
Ананьева С. Мир прозы Мориса Симашко // Нева. - 2015. -№ 12.
Казак В. Лексикон русской литературы XX века. - М: РИК «Культура», 1996.
Симашко М. Избранное / Предисловие З. Кедриной. - Алма-Ата: Жазушы, 1983. - С. 7.
Симашко М. Четвёртый Рим. - Алматы: «Балалар әдебиеті», 2013. – 308c.
Таттимбетова К.О. Жанр романа в русской литературе Казахстана конца ХХ и начала ХХI веков // Полилингвиальность и транскультурные практики. -2015.
https://www.kazpravda.kz/news/kultura/moris-simashko-
https://camonitor.kz/21028-miry-morisa-simashko-kniga-chetvertyy-rim.html
https://camonitor.kz/26107-priz-filmu-o-morise-simashko.html
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Александр Головинский түсірген «Морис Симашконың әлемдері» толық метражды деректі фильмі «Литературная газета» арнайы сыйлығымен марапатталды.
Алматыдағы Республикалық еврейлер қауымдастығының кітапханасына Морис Давидович Симашконың есімі берілді.
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды