Қазақстан халқы Ассамблеясы

404

Зальцман Павел Яковлевич

Өмір жылдары: ( 1912 - 1985 жж.)

    Павел Зальцманның шығармашылық өмірі қызықты кезеңдерге толы болды – Павел Филоновтың шәкірті, аналитикалық өнер бағытының өкілі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, жиырмадан астам фильмнің продюсері, суретші, график, ақын және жазушы. 1957 жылдан бастап - Кинематографистер одағының, 1967 жылдан - Қазақ КСР Суретшілер одағының мүшесі.

    Жеке тұлғалық және кәсіби маман ретінде қалыптасуы 20-30-шы жылдары Ленинград қаласында өтті. Атақты А.Араповтың жетекшілігімен көркемдік жетекші мамандығын игеріп, сол кездегі ең танымал кеңес режиссерлерімен жұмыс істеді (С. және Г. Васильевтер, И. Трауберг, А. Иванов).

     Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

    «Ол көркем ортада, қазақтардың мәдени ортасында, қазақтың ою-өрнегінде, өзінің жанына өте жақын жерде өмір сүрді. Қазақ мәдениеті оған шабыт беретін өнер түрлерінің бірі болды. Сондықтан бұл жерден кеткісі келмегені таң қаларлық емес. Әрине, ол бірнеше себептерге байланысты кеткісі келмеді. Бірақ, бұл басты себеп болды. Әкемнің терең түсінетін және сезінетін осы қазақ мәдениетінің атмосферасы сөзсіз шығармашылыққа шабыт берді» (Елена Зальцман, суретшінің қызы)

     Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары

    Қазақстанға Павел Зальцман жолдама бойынша Орталық біріккен киностудияға келді. Кейіннен «Қазақфильм» киностудиясының бас суретшісі болып жұмыс істеді. Ол Шәкен Аймановтың «Ақ раушан» (1943 ж.), «Дала қызы» (1954 ж.), «Махаббат дастаны» (1954 ж.) және «Көше қиылысында» (1963 ж.) картиналарында, Ефим Аронның «Алатаудың алтын мүйізі» (1948 ж.) және «Ботагөз» (1958 ж.), Павел Боголюбовтың «Қыз-жігіт» (1955 ж.) және т.б. фильмдердің қоюшы суретшісі болды.

     1948 жылдан бастап көркем сурет училищесінде, Сәулет академиясында, Педагогикалық институтта, Қазақ университетінің филология факультетінде және Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясындағы сценарий курсында өнер тарихынан сабақ берді.

    П.Зальцманның шығармашылығы үш бөліктен тұрады: өзі үшін жазылған әдеби шығармалар, шектеулі адамдарға арналған картиналар мен графика және кең аудиторияға арналған бейне туындылар.

     

    Павел Зальцман. Мадам Ф. Лира: Москва, 2003.

    Павел Зальцман. Сигналы Страшного суда. Поэтические произведения. Составление, комментарии и редакция — Илья Кукуй. Водолей: Москва, 2011.

    Павел Зальцман. Под знаком Филонова. Голова без галстука: Из разговоров с дочерью - Лоттой Зальцман. Спецхран. Журнал Наблюдений: Институции и маргиналы: фактор школы в художественных практиках. Альманах. М.: Минувшее, 2005. С. 109—113, 131—137.

    Павел Зальцман. Молитва петуха; Скрыни сроки в потору; Листопады, тородоги; Едем через Кореиз; Детский сад в Бердянске; Ветер. Дворик на горе. Суматоха во дворе; Обезьяны; Она уходит в темноту. Альманах Академии Зауми. М., 2007. С. 151—154.

    Павел Зальцман. Русские стихи 1950—2000 годов. Антология (первое приближение). В 2-х томах. СПб: Летний Сад, 2010.

    Павел Зальцман. «А дальше началась страшная блокадная зима…». Подготовка текста, предисловие и публикация - А.Зусманович, И.Кукуй // «Знамя» 2012, № 5.

    Павел Зальцман. Калевала: Финский народный эпос / Илл. школы «Мастера аналитического искусства» под ред. П.Н.Филонова. - М.—Л.: Academia, 1933.

    Павел Зальцман. Альбом. Сост. и автор текста В.Бучинская. - Алма-Ата: Онер, 1983.

    Апчинская Н. Павел Зальцман. Каталог выставки «Средняя Азия – Москва - Иерусалим в творчестве еврейских художников» в Государственном музее Востока. Москва: ГМВ, 2008.

    Грибоносова-Гребнева Е. Графические фантазии Павла Зальцмана. Каталог выставки галереи ГОСТ в Литературном музее. Москва: Музей графики, 2008.

    Грибоносова-Гребнева Е. Освобождённое время. Графические образы Павла Зальцмана. «Наше Наследие» № 101, 2012.

    Государственная Третьяковская галерея: Кат. собрания. Т. 3. Кн. 2. ГИ: Рисунок ХХ века. Москва: Изд-во «Сканрус», 2012.

    Павел Зальцман. Каталог выставки в Государственном музее искусств Республики Казахстан им. А.Кастеева (Алматы), посвящённой 100-летию со дня рождения художника. Алматы: Рaуан, 2012.

    Юрьев О.А. Солдат не созванной армии (о стихах Павла Зальцмана), журнал «Москва», № 8, 2011.

    inform.kz https://www.inform.kz/ru/on-ostavil-portret-epohi-v-svoih-kartinah-doch-hudozhnika-pavla-zal-cmana_a 2498369.

    Зальцманның графикасы мен суреттері Орыс музейінде, А.С. Третьяков галереясында, Бейнелеу өнері музейінің гравировка кабинетінде, Пушкин атындағы Шығыс өнер музейінде, Қазақстанның Мемлекеттік көркемөнер музейінде және жеке қорларда орналасқан.


     

Кейін қарай