
327
Жилинский Герман Борисович
Өмір жылдары: (1914 – 1990 жж.)
Аса көрнекті кеңес геологы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның
еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Алтын, қалайы, сирек металдардың 24 кен орнын ашты. Орт
алық Қазақстанның алғашқы болжамдық-металлогендік карталарының, сондай-ақ касситерит техникалық кристалдарының гидротермалдық синтезі технологиясының бірлескен авторы.
Герман Борисович 1914 жылы 25 сәуірде Семейде қызметкердің отбасында дүниеге келді және бала кезінен инженерлік мамандықтарға қызығушылық танытты. Азамат соғысы мен күйреу жылдарынан аман өтіп, Семейдегі жерге орналастыру бағытындағы он жылдық мектепті бітірді. Осыдан кейін топограф мамандығын алып, Қазақ жерге орналастыру тресіне жұмысқа қабылданды.
Сол жылы ол қатты ауырады (буын ревматизмі, жүрек ауруы), нәтижсінде мүгедек болып қалады. Бірақ қайраттылығы мен еркі жас жігітті Семейде жаңадан ашылған геологиялық барлау институтының қабырғасына алып келеді. Жоғары оқу орнын Алматыға ауыстырғаннан кейін Жилинский Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірді.
Бұл кезең жаңа жерлерді ашу және игеру кезеңі болды. Г.Б. Жилинский табандылық танытып, жаңа кен орындарын игеру жұмыстарына сұранады және 1938 жылы КСРО ІІМ Дальстройға жұмысқа қабылданады, Қиыр Солтүстіктің, Колымның аудандарын игеруге қатысады. Бұл жерлерде ол прорабтан аға геологқа және кен іздеу партиясының бастығына дейін көтеріледі.
1939-1945 жылдары Г.Б. Жилинсикий Колыма, Чукотка, Анадырдағы пайдалы қазбаларды зерттеудегі алғашқы ізашарлардың бірі болды.
Г.Б. Жилинский Қиыр Солтүстік және Қазақстан аудандарында алтынның, қалайы кен орындарының, титанның өнеркәсіптік шашырандыларын ашқан авторлардың бірі болды.
1950 жылы Г.Б. Жилинский Алматыға оралады. 1950 жылдан 1979 жылға дейін үзіліссіз Қазақ КСР Ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтында жұмыс істеді, онда аспиранттан директордың орынбасарына дейін жоғарылады. Ғылым Академиясында тағдыр оны тамаша адам, көрнекті ғылым ұйымдастырушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-академик – Қ.И. Сәтбаевпен кездестіреді. Ол қазіргі уақытта Қ.И. Сәтбаев атындағы ірі геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымында ең жақын серігі және тұрақты орынбасары болатын. Институтта жұмыс істей жүріп, Г.Б. Жилинский металлогения және болжау, сирек кездесетін және шашыраңқы элементтердің геохимиясы, қалайы, кен түзілу үдерістерін теориялық және эксперименттік зерттеу саласында мамандандырылған ірі ғылыми мәселелерді әзірлеуге қатысты. Чукотка алтынының болашағын негіздеді.
Г.Б. Жилинскийдің сарқылмайтын энергиясының арқасында 1965 жылы ең қысқа мерзімде керемет эксперименттік-зертханалық база бой көтерді, кейін онда ерекше эксперименттік қондырғылар құрылды, олардың арасында гидротермалды реактор бар, бұл белгіленген атомдар немесе радиоактивті изотоптар арқылы минералды түзілу үдерістерін бақылауға мүмкіндік береді.
Г.Б. Жилинскийдің жетекшілігімен касситерит монокристалдарын синтездеу технологиясы жасалды, олар техниканың әртүрлі салаларында (электроника, оптика, зергерлік бұйымдар өндірісі) қолданылады. Институттың осы бағыттағы басымдығы 10 авторлық куәлікпен қорғалды.
1959 жылы оған профессор ғылыми атағы берілді. 1964 жылы Ғылым академиясының Төралқасы оны төралқаның академик-хатшысы етіп сайлады.
Г.Б. Жилинский халық арасында ғылыми және саяси білімді белсенді насихаттаушысы.
1986 жылдан бастап өмірінің соңына дейін ол Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының эксперименттік биология зертханасын басқарды.
1990 жылғы 12 шілдеде Герман Борисович Жилинский Алматыда қайтыс болды.
1945 жылы Г.Б. Жилинский «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды. 1958 жылы «Орталық Қазақстанның болжамдық-металлогендік карталары» кешенді еңбегі үшін Лениндік сыйлыққа ие болды. 1961 жылы – «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы, Үкіметтік награда, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі.
1971 жылы Бүкілодақтық «Знание» қоғамының Төралқасы оны өзінің ең жоғары марапаты – С.И. Вавилов атындағы атаулы медалімен марапаттады.
1. Национальная энциклопедия «Казахстан». Т.4. / Гл. ред. Б. Аяган. - Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2007. - с. 418.
2. Библиография ученых Казахстана. «Ғылым Ордасы». РМК, 2014 (Коллектив авторов).
3. Горная энциклопедия. Жилинский Герман Борисович. http://www.mining-enc.ru/zh/zhilinskij/
Ұқсас жаңалықтар
21 Мамыр, 17:49
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 Мамыр, 18:22
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
21 Мамыр, 10:05
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
вчера, 06:21
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті