Достық үйі
Достық үйі
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Достық үйі 2014 жылдың 3 қыркүйегінде ашылды. Достық үйі көркем жерде, Көкшетау қаласының орталық мешіті мен христиан ғибадатханасының жанында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 4 мың м2-ден асады. Достық үйінде өңірдің мәдени-демалыс қызметінің деңгейін арттыру үшін қажет нәрсенің бәрі бар, ойын-сауық іс-шараларын өткізу үшін жағдайлар жасалған. Залда этномәдени орталықтардың қызметін көрсететін көрме витриналары орналасқан, сондай-ақ репетициялық, хореографиялық залдар, үлкен акт залы, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері, ана тілін үйренуге арналған сыныптар және т. б. бар.
Достық үйі қызметінің басым бағыттары рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, этносаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді насихаттау, фольклор мен көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту, этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Оларды жүзеге асыру үшін әр түрлі формалар қолданылады: фестивальдар, конкурстар, ұлттық мәдениеттер күндері, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді ұйымдастыру және өткізу.
Бүгінде Достық Үйінде этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз қызметін жүзеге асырады, оның базасында этносаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері бойынша конференциялар, диалог алаңдары, дөңгелек үстелдер өткізіледі. "Қоғамдық келісім" КММ мамандары этномәдени бірлестіктерге қажетті әдістемелік көмек көрсетеді. Достық үйі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының республикалық, облыстық, қалалық іс-шараларына белсенді қатысады.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Шакшаков Қуаныш Гибадатұлы
Тел.: 8 (7162) 72-21-61
E-mail: dom_druzhby@bk.ru