Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облысы

Ассамблея туралы


Ақмола облысында 787 976 адам тұрады (01.01.2024 ж.), сонымен қатар, 100-ден астам этнос өкілдері және этникалық топтар, оның ішінде 445 647 (56,5%) - қазақтар, 208 694(26,4%) - орыстар, 39 384(4,9%) - украиндар, 29 877 (3,7%) - немістер, 13 571 (1,7%) - татарлар, 11 713 (1,4%) - белорустар, 8 447 (1%) - поляктар, 4 640 (0,5 %) – ингуштар, 3 307 (0,4%) – шешендер, 2 274 (0,2%) – әзірбайжандар, 2 122 (0,2%) – башқұртлар, 17 993 (2,2%) - басқа этностар, 307 (0,03%) – көрсетпеген.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны 119 адамды құрайды, оның құрамында этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, қандастар, қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Ақмола облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 24 адам кіреді.

Облыстық ассамблеяның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ, Степногорск қаласындағы Достық және шығармашылық үйі жұмыс істейді.

Облыста 48 этномәдени бірлестік тіркелген. Ақмола облысы этностарының өкілдері облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне белсенді қатысуда.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында келесі құрылымдар құрылып, жұмыс істейді:

- Ғылыми-сарапаттамалық топ - Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін. Құрамына 14 адам кіреді (саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер).

- Ақсақалдар кеңестері. Кеңес 2023 жылғы қаңтарда құрылды және есепті кезеңде облыста 208 адамды қамтитын 21 кеңес жұмыс істейді.

- Аналар кеңесі. Облыста 104 аналар кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 1 - облыстық, 3 - қалалық, 15 -аудандық, 85 - ауылдық.

- Медиация кеңестері. Облыста этномедиацияның 1 кабинеті және 18 алаңы жұмыс істейді, ҚХАА-мен ынтымақтасатын 8 кәсіби және 3 қоғамдық медиатор қызметін жүзеге асырады.

- Журналистер клубы. Клуб құрамына 17 адам кіреді – облыстық, қалалық газеттердің және облыстық теледидар өкілдері. Журналистер клубы «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдық бөлімшелерінің және ЭМБ өткізілетін іс-шараларын, сондай-ақ, мемлекеттік мерекелерге, этносаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған жарияланымдарды және т. б. хабардар ете отырып, БАҚ беттерінде мақалалар мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар тұрақты негізде жариялайды.

- Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы. Одақ 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. «Қоғамдық келісім» КММ-де тұрақты жұмыс істейтін көрме витринасы бар. Мұнда шеберлер одағы мүшелерінің жұмыстары қойылады.

- Ақмола облысындағы «Асамблея жастары» РҚБ өкілдігі 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның құрамына 60 адам кіреді, оның ішінде облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар клубтарының өкілдері, Көкшетау қаласындағы ЖОО-ның студенттері, ҚХАА еріктілері кіреді.

Лауазымы

Ахметжанов Марат Мұратұлы

Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы

Кенжебаев Сабырхан Меирханович

Ақмола облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі