Борактар

Борактар — армян тұшпарасы. Беті ашық цилиндр түрде дайындалады, салмасы үстінен көрініп, қамырдан жасалған стақанға салма салып қойған сияқты болады. Сондықтан борактарды кастрюльге тығыз қатармен, әдетте, екі қатарға салады. Турамасын алдын ала қуырып алады. Кастрюльге салған соң май мен күшті сорпа құйылады да қақпағын тығыз жауып баяу отта 15—20 мин пісіреді. Содан кейін оларды алып, сорпасынан айырады да, табада қуырады. Үгілген сарымсақ қосылған мацуннан (қышқыл сүт) дайындалған құйма құйылады.