Ассамблея народа Казахстана

Әзірбайжандардың тұрмысындағы анағұрлым дәстүрлісі тағамдары болып қала береді. Қазірге дейін ауылдық жерлерінде тандырда пісірілген бидай ұнынан жасалған нанды ұнатады. Сонымен қатар, ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан – лаваш пісіреді. Сүттен май мен қатық жасайды.

Дәстүрлі мерекелік тағам – палау, оның жүздеген түрлері бар. Палауды күріштен жасайды және оған еттен, құстан, балықтан, жеміс-жидектен және көкөністерден әр түрлі дәмдеуіштер қосады. Еттен жасалған тағамдарға талшын, өрік, мейіз және әр түрлі көк шөп қосады. Сонымен қатар жингал деп аталатын ұннан жасалған тағамдарды жақсы көреді, балапандардың ішіне жаңғақ салып, істікте қуырады, балықтың ішіне тартылған ет салып тандырда пісіреді. Апшерон өзінің дюш-парасымен, яғни ұсақ түшпараларымен және кутабтарымен әйгілі. Сұйық тағамдардан әсіресе пити, кюфта-бозбаш, хамраши, көк шөп қосылған сүттен жасалған довга-суп және т.б. кеңінен танымал. Тартылған қой етіне күріш және әр түрлі дәмдеуіштер қосып, оны жүзім жапырақтарына немесе ерекше дәм мен хош иіс беретін орамжапыраққа орап пісірілетін долма да жалпыға танымал тағам болып саналады. Тартылған жас қой етімен сонымен қатар баклажан, қызанақ, болгар бұрышын, алманы да дайындайды. Отбасылық салтанаттарға әр түрлі тәтті-дәмді: шекербура, пахлава, жүзім мен тұттан дошаб, яғни тосап сияқты тағамдар пісіреді. Үйлену тойларында, салтанатты жиындарда тағамдарды ерлер әзірлейді, қонақтарға қызмет көрсету, тағам ұсыну және жинау жас жігіттердің міндетіне кіреді.