Ассамблея народа Казахстана

Әзірбайжандардың тұрмысындағы анағұрлым дәстүрлі тағамдары болып қала береді. Қазірге дейін ауылдық жерлерінде тандырда пісірілген бидай ұнынан жасалған нанды ұнатады. Сонымен қатар, ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан – лаваш пісіреді. Бозбаш - әзірбайжан ұлттық тағамы.

Қой еті жақсылап жуылады. Әрбір кесегі 30-40 грамнан келетіндей туралады. Кастрюльге салынып, үстіне су құйылады (ол суға ет толық батып жатуға тиіс). Тұздалып отқа қойылады. Қайнағаннан кейін бетіне шыққан көбігі алынады. Екінші кастрюльге алдын ала іріктеліп, жуылған бұршақ салынып, үстіне 2-3 кесе салқын су құйылады да отты басыңқырап қойып, қайнатылады. Шамамен бір сағат өткен соң бұршақ пісіп жатқан кастрюльге бірінші кастрюльдегі піскен ет салынып, сорпа құйылады. Ұсақтап туралған пияз, картоп, алма, соңдай ақ томат пюре салынады. Тұздалып, бұрышталады. Содан кейін кастрюльдің қақпағы жабылып, жарты сағаттай бұқтырылады.
Піскен бозбаш дастарқанға әкелерде тарелкаға құйылып, үстіне көк себіледі.