Ассамблея народа Казахстана

Әзірбайжан — бұл ұлттық дәстүрлерді сақтап, оларға құрметпен қарайтын ел. Бұрынғыдай айлық күнтізбе бойынша мейрамдар тойланады, атаулы күндер – Құрбан байрам (құрбандық шалу мейрамы Оручлуг), Рамазан байрам – оразадан кейінгі мейрам.

Новруз-байрам (Наурыз-мейрамы) — халық арасындағы Жаңа жыл мен көктемді тойлаудың ең ежелгі және құрметті мейрамы. Оны көктемгі күн мен түннің теңелген күні 21-22 наурызда тойлайды. Наурыз – табиғаттың жандануының белгісі, құнарлылықтың белгісі. Наурызға дайындық ертеден басталады. Үйлер көркейтіліп, ағаш отырғызылады, жаңа ңиім тігіледі, жұмыстқалар боялады, тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады. Мейіз немесе жаңғақ қосылған бидай – говурму қуырылады. Әрбір үйде міндетті түрде үстел үстінде бидай тұқымынан әдейі өсірілген жасыл өскіндер тұрады, мейрамға дейін төрт апта бойы сейсенбі сайын от жағылып, олардың үстінен балар секіреді, майшамдар жағылады. Мейрамның алдында туған-туыстар мен жақын-жуықтардың зираттарына барады. Наурыз – отбасылық мейрам. Мейрам күні кешке барлығы отбасылық ошақ басында жиналады. Жаңа жыл бай және жемісті болу үшін үстелге көптеген әр түрлі тағамдар қойылады. Мейрам 3 күнге созылады және көпшіліктің серуенімен аяқталады. Адамдар ұлттық киімдерді киіп, халық әндері мен билерін орындайды, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.