Қылыш

Қылыш – қарудың бір түрі. Қылыш ат үстінде ұрыс жүргізу үшін жеңіл әрі кесіп түсер қару ретінде қолданылған. Көшпелі халықтарда 8-ғасырдан бастап семсерлер бір жүзді, қайқы етіп жасалып, қолданысқа енді. 10-ғасырда түркілер арқылы Батыс Еуропаға тарады. Кейіннен бұл қару жетілдіріліп, атты әскердің басты қаруы ретінде 20-ғасырға дейін қолданылды. Қазақтар қылышты бес қарудың біріне жатқызады. Қазақ қылыштары: алдаспан, наркескен, зұлпықар, жатаған қылыш, қайқы қылыш, т.б. болып бөлінеді. Олардың ұзындығы 90 – 95 см, ені 3 – 3,5 см. Атты әскер құрамаларының жойылуына байланысты (20-ғасыр), қылыш қазір тек кейбір әскери қызметкерлердің салтанатты рәсімдерде ұстайтын қаруы ретінде ғана қолданылады.