Ассамблея народа Казахстана

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ «АҚ ОРАМАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2016 жылғы 29 тамызда Астана қаласындағы «Отан Ана» алаңында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ақ орамал» Республикалық акциясы өтті.

Акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдас - тырған және ол əлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың рөлін көрсетуге, «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесін және Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын қолдап, ілгерілетуге бағыттал - ған.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мəжілісінің  депутаттары, ҚХА Аналар кеңесінің, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномəдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы және БАҚ  қатысты.

Шара  барысында ҚР Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи аталмыш акцияның терең мағынасына, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. «Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі аналық жүрегімен ақ орамалдарын ақ ниеті ретінде желбіретіп, Елбасымыздың бейбітшіл бастамаларын қолдау және бізге бейбіт өмір керек деген мәнімен «Ақ орамал» акциясын өткізуде», - деді Назипа Ыдырысқызы  өз сөзінде.

Сонымен қатар, акцияға қатысушылар ҚР Парламент МәжілісіьV шақырылымының депутаты Надежда Нестерова мен жазушы Сауле Досжанова ҚХА Аналар кеңесінің атынан «Əлем.ХХІ ғасыр» манифесі мен Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын қолдау туралы Аналар кеңесінің Қазақстан халқына үндеуін оқыды.

Іс-шарада мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Ақ орамал - ақ ниет» театрландырылған музыкалық қойылымы көрсетілді.

***

Қазақ  тарихында ақ орамалдың терең философиялық мағынасы бар. Ол тазалықтың - ниет тазалығының, жан тазалығының символы, адамзат өмірінің негізі – ана болудың белгісі.

Акцияның негізінде – текетірестің тоқтатылуы, татуласу жатыр.

Акцияның іс-шаралары барлық өңірлерде өтуде: соғыс батырлары, саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарының ескерткіштеріне, террористік шабуылдар кезінде адамдар қаза тапқан жерлерге гүл шоқтары мен бейбітшілік символдары - ақ орамалдарды қою; заңды некеге тұру кезінде қалыңдықтарға және жаңа туған нәрестелерді перзентханалардан шығарарда батыр аналардың жас келіндерге ақ орамалсыйлауы, барлық Достық үйлерінде татуластықтың  белгісі ретінде акция символын орнату  жəне т.б.іс-шаралар өтуде.