ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСТЕРІНІҢ РӨЛІ
2016 жылғы 28 тамыз күні сағат 15:00-де Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) «Қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы Аналар кеңестерінің рөлі» деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы болады.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА-ның өңірлік Аналар кеңестерінің, этномəдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Отырыс барысында Аналар кеңестері қызметінің негізгі бағыттары, олардың ҚХА Қоғамдық кеңестерімен өзара іс-қимыл жасасуы, өңірлердің өзекті мәселелерін шешуге, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қатысуы қаралатын болады.
Іс-шара Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына орайластырылған және əлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың рөлін көрсетуге арналған.
Отырыс қорытындысы бойынша Аналар кеңесінің «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі мен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын қолдау туралы Қазақстан халқына үндеуі қабылданатын болады.
________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13
E-mail: info_rgy@mail.ru
вчера, 11:52
Поздравление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Днем столицы
вчера, 11:48
Заместитель Председателя АНК Марат Азильханов поздравил с Национальным днем домбры
30 Июня, 16:37
Рабочее заседание Секретариата АНК: Северо-Казахстанская область
2 Июля, 15:47
Фестиваль белорусской культуры «Казахстан и Беларусь: мелодии дружбы» прошёл в Астане
4 Июля, 18:01
Состоялось первое заседание Межведомственной научно-экспертной структуры АНК