Ассамблея народа Казахстана

ЧЕЧЁТКИНА АЛЛА СЕРГЕЕВНА, ВЕДУЩАЯ-РЕДАКТОР.

29.04.2019

ЧЕЧЁТКИНА АЛЛА СЕРГЕЕВНА

(национальность – молдаванка)

Родилась в 27 августа 1990 году в с. Ташты, Амангельдинский района  Костанайской области.

 Работает пресс-секретарем   Костанайской областной филармонии им. Е.Умурзакова.

Окончила казахскую школу. По государственному гранту обучается в магистратуре Костанайского государственного университета им. А. Байтурсынова  на специальности «Журналистика».

Вносит практическую лепту в развитие государственного языка. В ее личном архиве более 70 дипломов, связанных с изучением и пропагандой казахского языка.

Редактор книг «Вместе с Казправдой» (автор Валиев Х.Х.), «Великая степь в мире цивилизации». Автор работ «Послание Президента Н. Назарбаева играет важную роль в будущем развитии Казахстана», «Латын әліпбиіне көшуі – заман талабы», «Ұлттың рухани жаңғыруы – мәңгілік ел болудың негізгі факторы».

Владеет казахским и русским языками.

*****

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен Қостанай облысының киелі Амангелді ауданы Тасты ауылының тумасымын.

Ұлтым молдаван. Аты-жөнім  - Алла Чечеткина.  Өзім қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетінен сусындап өскен баламын.

Негізі, қазақ тілін білу үшін, мен сияқты, көрші Күміс әженің мыжымасын жеп өсу керек.

Ал сіздер, мыжыманың қандай ас екенін білесіздер ме? Қолдың сары майы қосылып, мыжылған ыстық таба нанның дәмі әлі күнге таңдайымнан кетпейді.

Дегенмен, өз ата-анама да алғыс айтқым келеді. Сол кісілердің ақылымен мен қазақ сыныбында оқыдым. Сақыпжамал деген алғашқы ұстазымның арқасында қазақ тілінің қасиетін сезіндім. 

Қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша магистратурада оқимын.

                Құрметті Елбасы!

Сіздің «Қазақ пен қазақ – қазақша сөйлессін!» деген сөзіңіз – мен үшін өмірлік мақсат.

Сондықтан мен, қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскендіктен, ең алдымен қазақ тіліне құрмет көрсетілуін талап етемін.

               

Құрметті қауым!

Мемлекеттік тілде сөйлемесек, білуге тырыспасақ, біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге қосқан үлесіміз немен өлшенеді?

Барлық қандас бауырларымды қазақ тілін білуге, сүюге, өміріне рухани азық етуге шақырамын.

Жаһандану заманында қазақы тәрбие ұмытылмаса деген тілегім бар.

Біздің ауылда қыз баланың кешкі уақытта көше кезіп жүргені ұят, ерсі саналатын. Өзімнен кейін өсіп келе жатқан сіңлілерім де осы тәрбиеден алшақтамаса екен деймін.

Сөзімнің соңын Мұқағали Мақатаевтың Отанға арналған өлеңімен аяқтағым келеді.

             

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Рақмет!

Возврат к списку