Ассамблея народа Казахстана

ЕРМАН ЖҮРСІН

(национальность – казах, г.Астана)

Председатель международного союза акынов-импровизаторов, поэт

Родился 12 февраля 1951 года в колхозе Сталин Карсакпайского района Карагандинской области.

Окончил Казахский НУ имени Аль-Фараби, высшую партийную школу в Алматы.

В 1972-80-ых годах работал главным редактором Жезказганского областного телеканала, в 1983-1992 годах исполнял обязанности главного редактора Казахского республиканского телеканала. Руководил отделами газеты «Қазақ әдебиеті» и журнала «Жұлдыз». В 2006-2010 годы - Генеральный директор Казахского радио и национального телеканала «Қазақстан».

В течение тридцати лет активно пропагандирует исскуство айтыса на республиканских телеканалах.

Является членом правления Союза писателей Казахстана. Автор ряда книг.

Дважды удостоен премии имени М.Макатаева, заслуженный деятель Республики Казахстан, награжден орденом «Құрмет».

Выступление:

Аса мәртебелі Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жиынға қатысушы ел азаматтары!

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақала жарыққа шыққанға дейінгі қазақ ұлтының көңіл ауаны бір бөлек, жарыққа шыққаннан кейінгі көңіл күйі бір бөлек дер едім.  

Қазақ қоғамының осындай бір түбегейлі өзгеріске зәру екенін    әрқайсымыздың    ішіміз  сезуші   еді.       Осындай бір сілкіністі, серпілісті күтетін сияқты едік. Бұл аса күрделі де көреген бағдарлама күткенімізден де асып түсті.

Құрметті Елбасы, рухани жаңғырудың, қазақ қауымын түлетудің барлық кешенді шараларын Сіз соқырға таяқ ұстатқандай анықтап, қолымызға шырағдан жағып бердіңіз. Бүкіл зиялы қауым осы мақаладағы озық идеяларды қолдап, қоштап отыр деп нық сеніммен айта аламын.

Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы шешімін таппай келе жатқан ең күрделі мәселе осы рухани жаңғыру болса, еліңізді, халқыңызды, ұлтыңызды рухани азаттыққа бастаудың жолын көрсетіп беріп отырсыз.

Енді, осы сындарлы шақта төңірегіңізден табылып, Сізге қолдау көрсету - ұлттың зиялы қауымына да сын.

Сіздің мақалаңызда  «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»  деген қатал да әділ қағида бар.

Ұлы хакім Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген  кісінің тілін кесер едім» деген жоқ па? Дәл қазір әр қазақтың түбегейлі өзгеретін, ойын, жан сарайын жаңғыртатын шағы. Уақыттың ұтымды шағында уысымызға түсіп тұрған тарихи мүмкіндікті қос қолымызбен қолдап, заман көшіне ілесудің барлық шараларын қамтып қалу керек екенін біздер, шығармашылық адамдары, әбден жақсы түсінеміз.

Оның үстіне, рухани жаңғыру үшін ұлттық кодыңды сақтай біл депсіз. Бұл – ұлт жанашырларының жүрегіне жететін сөз. Ұрпақтан  ұрпаққа үзілмей келе жатқан  тектілігімізге табыну, намысымызды ояту, ұлттық қадір-қасиетімізге жүгіну деген сөз. Көк түріктердің қара шаңырағында отырған текті халық өзінің «тамырында бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерін қайта түлетуге» құлшынатын шақ – осы! Осы тұста бір сілкінбесек, бір серпілмесек, халықтығымызға да, елдігімізге де сын.

Құрметті Елбасы, тарихи мақалада белгіленген барлық жаңғыру шаралары ұлтым деп еміренетін әрбір зиялы азаматтың ішін жылытып отырғаны сондықтан. Жазушы болсын, ақын мен әртіс, сазгер болсын, бүгін үміттің отын үрлеп, сенімнің атына мініп отыр.

Әсіресе, латын әліпбиіне көшу туралы шешімді біз толық қолдаймыз.  Мемлекетіміздің тәжірибесінде бұрын да болған латын әліпбиі өркениет әлеміндегі бағдарымызды түбегейлі өзгертетінін көріп-біліп отырмыз.

Сексен жыл серігіміз болған кириллицада қағазға түскен мыңдаған мыңдаған әдеби шығарманың ең халыққа қажеттісі ғана кәдеге жарайды. Ұлт мүддесіне жарайтындары ғана көшке ілеседі. Бұл табиғи сұрыптау емес пе! Кириллицаға бауыр басып қалған кертартпалар орыс мәдениетінен көз жазып қаламыз деп уайымдамай-ақ қойсын. Тарихи тағдырлас көршіміздің, орыс елінің Пушкин, Толстой мен Тургенев, Есенин мен Евтушенко секілді алыптары жасаған мәңгілік мәдениет біздің руханиятымыз үшін ешқашан бөтен болмайды. Ең бастысы – әлемге ортақ рухани игілікке жүрегіміз ашық.

Сіз ұсынған «Туған жер» бағдарламасы да бізді енжар қалдыра алмайды. Кіндік қанымыз тамған жердің көне тарихын тереңдете жаңаша зерделеу, оның бүгінгі мәдениеті мен салт-дәстүріне атсалысу арқылы біздің әр қайсымыз бабалар алдындағы перзенттік парызымызды өтеуге үлес қосуымыз керек. Ауылға - аламын деп, ат мініп, шапан киеміз деп баруды доғаратын кез жетті. Ат жалын тартып мінген шақта ауылыма не септігім тиеді деп ойланбасақ құр санатта болып, саннан табылғанның несі сән?

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» дегенде, бүгінгі заманның жас ұрпағына үлгі етіп ұсынар елдің ерлері, ұлттың ұстындары анықталар құндылықтардың орны белгіленер деп отырмыз.  

Үлкенін сыйлау, қариясын құрметтеу – біздің ұлттық дәстүріміз. Сындарлы сәттерде елге тоқтау айтар, басу айтар, өскелең ұрпаққа өнеге болар азаматтарға зәруміз. «Әй» дейтін әжесі, «қой» дейтін қожасы» бар  ел  - азбайды. Соған орай, елдің тәуелсіздігі жолында маңдай терін төккен қайраткерлермен қатар лайықты жастар да  қоғамнан дер кезінде өз бағасын алса, бұл елдің көңілін тоғайтады. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын»деп бекер айтылмаған.

Құрметті қауым!

Елбасымыз ұлт болып ұйысудың сара жолын сілтеп отыр. Ендігі жерде соны жүзеге асыру елдікке де сын, ерлікке де серт. Ендеше, білек сыбанып іске  кірісейік. Рахмет.

Возврат к списку