Ассамблея народа Казахстана

КЮРШАТ ЗОРЛУ, ПРЕПОДАВАТЕЛЬ В ВУЗЕ

29.04.2019

КЮРШАТ ЗОРЛУ

(национальность – турок)

Родился в 1977 году в г.Йозгате.

Преподаватель факультета экономики и административных наук Университета Ахи Эвран и заведующий кафедрой наук управления, заместитель председателя Ассоциации журналистов и член правления Ахиликского исследовательского центра.

 Работал консультантом по прессе и связям с общественностью в министерстве здравоохранения, консультантом при министерстве транспорта. Являлся консультантом по прессе и связям с общественностью Международного казахско-турецкого университете имени Ходжа Ахмета Ясави. Консультант председателя  Управления по сотрудничеству и развитию Турции.

Подготовил множество статей и документальных фильмов о Центральной Азии.   

Продюсер и ведущий телепрограмм «Евразийский мир», «Большие шахматы» и «Архитекторы души». Журналист и обозреватель газеты «Ватан».

*****

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті Президент!

Анадолу-Түркиядан Ата жұртқа жүрекжарды сәлемімді ала келдім. Қазіргі уақытта Түркияда  30 мың қазақ тұрады. Ал менің ойымша 82 млн қазақ бар. Олардың жүрегі сіздермен бірге соғады.

Қазақ елі туралы ең алғашқы зерттеу мақаламды 1999 жылы жаздым. Халықаралық сарапшы, саясаттанушы-ғалым ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбектерін 20 жылдан бері зерттеп келемін.

Құрметті  бауырлар!

Елбасының  «Рухани жаңғыру» мақаласы тек қазақ халқы үшін ғана емес, түркі халықтары үшін де  болашаққа жол көрсеткен айқын бағдарлама деп айтар едім.

Менің жақында «Назарбаевтың Көшбасшылығы» атты кітабым төрт тілде жарық көреді. Бұл кітапта әлем халқы жаңа бір Көшбасшылықтың қыр-сырымен танысатын болады. 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Екі жыл бұрын Түркияда әлеуметтік желі қолданушылары арасында сауалнама жүргіздім. Қатысушылар бірауыздан Сізді «Түркі Әлемінің ең көрнекті және танымал тұлғасы» деп таныды.

Халықаралық саясаттағы биік беделіңіз үшін түркі жұрты Сізді «Түркі әлемінің – Лидері, Көшбасшысы» деп ерекше құрметтейді. Бүгінгі күннің Білге Қағаны деп біледі.

Қадірлі халайық!

Түркі халқы Ресей мен Түркия арасындағы мәселенің шешілуіне айрықша үлес қосқаны үшін Елбасыға шексіз алғысын білдіреді.  

Сирияға қатысты келіссөздер Тұңғыш Президенттің  бітімгерлік қасиетін айқын танытты.

Құрметті Елбасы!

Президенттік өкілеттілігіңізді өз еркіңізбен тоқтату туралы шешіміңізді Түркияда миллиондаған халық қадағалады.

Сізге жеткізгім келетіні, осы хабарды Түркия естігенде, жұртшылық қатты өкінішін білдірді.

Ал ең қызығы, әлеуметтік желіде қызу пікір-талас болып, жастарымыздың  көпшілігі Қазақстанға келіп шешіміңізден бас тартуыңызды өтінгісі  келді.

Сіздің салиқалы шешіміңіз әлемдік Көшбасшылық тарихында  алтын әріптермен жазылатын болады.

Өйткені мұндай шешімді тек елін ойлаған нағыз лидер ғана іс жүзіне асыра алады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті Қазақстандықтар!

Қазақстан қазіргі таңда – тәуелсіздігін жаңадан алған жас мемлекет емес, әлем танып, құрмет көрсеткен, болашағына нық сеніммен қараған Мәңгілік ел.

Сіздің тәуелсіздіктің елең-алаң шағында көтерген түркі әлемін біріктіру идеяңыз бүгінгі таңда толық жүзеге асты.

Сіздің бастамаңызбен құрылған ТҮРКСОЙ, Түркі Кеңесі, Түркі академиясы халыкаралық ұйымы түркі тілдес мемлекеттердің темірқазығына айналды.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Барлығымызға аян, Түркия Республикасының негізін қалаған -  Мұстафа Кемал Ататүрік.

Әлемге әйгілі ұлы лидер. Ұлы тұлға Ататүрік қиын-қыстау заманда іргесі берік мемлекет құрды.  

Сіз бір сөзіңізде «Ақ теңізден Алтайға дейінгі ұлан-байтақ жердегі түркі дүниесі ынтымақ, бірлікте болуы керек» деп едіңіз. Бұл түсіне білгендерге келешек ұрпаққа деген сіздің Өсиетіңіз.

Сіздің түркі әлемінің ынтымақтастығына қосқан еңбегіңіз ерен. Сіз Қазақстанның ғана емес, түгел түркі жұртының Көшбасшысы, бірегей тұлғасысыз!

Қазақстанның ғана Елбасысы емес, түркі дүниесінің Түркібасысыз!

Менің бұл сөзімді көпшілік түгел қолдайтынына сенемін!

Назарларыңызға рахмет!

Возврат к списку