Ассамблея народа Казахстана

Сүлейменов Олжас, «Тәуелсіздік қырандары» қоғамдық қорының атқарушы директоры, кәсіпкер



СУЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС СЕРИКБАЙУЛЫ

(национальность – казах, 30 лет)

Предприниматель, исполнительный

директор общественного фонда «Тәуелсіздік қырандары»

Родился 24 мая 1990 года в Карагандинской области.

Окончил Северо-Западный университет (2009 г. – г.Сиань, КНР), изучая китайский язык и культуру, университет Тонгзи (2015 г.- г.Шанхай, КНР) по специальности «Инженер-строитель».

Проректор по работе с молодежью и социальным вопросам НАО «Атырауский университет нефти и газа им. С.Утебаева».

Выступал с трибуны Генеральной Ассамблеи ООН в Нью-Йорке с докладом «Казахстан – из ядерной страны в зеленую экономику».

Инициировал открытие Центра казахского языка и культуры в Шанхае, КНР (имеет филиалы в 9 городах Китая). Организовал ежегодный Курылтай казахстанских студентов в Китае. Был личным переводчиком Первого Президента РК – Елбасы Н.А. Назарбаева во время саммита СВМДА в Шанхае, КНР, май 2015 года.

Тема выступления: «К возможностям через независимость»

Язык выступления: казахский, русский


Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті сессияға қатысушылар!

Менің аты-жөнім - Олжас Сулеймен. Ауылдың қарапайым баласымын.

Қазақта «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды» деген жақсы сөз бар. Біздің елде талпынған, еңбектенген адамға жетістікке жетуге болатынына мен толықтай сенімдімін! Оған дәлел ретінде қарапайым жетістіктеріммен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Еліміздің арқасында ауыл баласының Қытай Халық Республикасындағы ең мықты университеттердің бірінде білім алсам деген арманы орындалды.

Шетелде оқып жүрген кезімізде, бізге қарап елді сынайтын болғандықтан 10 000 – нан астам студенттің басын біріктіретін Қазақстан студенттер қауымдастығын құрдық және де Шанхайдың төрінен «Қазақстан мәдениет орталығын» аштық.

Тоғыз жыл аспан асты елінде тұрып, Оқуымды аман-есен тәмамдап, «Елімді қандай жаңалықпен қуантып, таңқалдырсам?» деген ойда жүргенімде БҰҰ ұйымдастырған «Көп Тілдер, Бір Әлем» шығармалар сайысына қатыстым. Мұнда 130 мемлекеттен 23 мыңнан астам үміткер қатысқан додада жеңіске жеттім. Нәтижесінде маған 2015 жылы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның мінберінен сөз сөйлеу мәртебесі бұйырды. БҰҰ-да еліміз ядролық қарудан бас тартқан үшін, ерекше құрметке ие екеніне көзім жетті. Нұрсұлтан Әбішұлы, биік мінберден, сізден үлгі алып, сөзімді ана тілімде бастап, әлемге қазақ тілін тағы бір естірттім.

Ауылдың арманшыл баласы – шеттен білім алып, халықаралық тәжірибе жинап, аман-есен елге оралдым. Келген соң Министрдің кеңесшісі лауазымында, тағы басқа қызметтерде болып, кейін кәсіпкерлікке бет бұрдым. Шет елде білім алған достарыммен бірігіп «Біз жұмыс іздемей, жұмыс орнын ашайық» деген оймен өзіміздің компаниямызды құрдық.

Қазіргі кезде компаниямыз жоғары деңгейде жұмыс істеп, мұнай және блокчейн саларында елімізде және өзге мемлекеттерде де халықаралық деңгейдегі компаниялармен бәсекеге түсуде.

Кәсіпкер дегеніміз – қазіргі кездің жауынгері деп ойлаймын. Себебі, кәсіпкерлік үлкен еңбек пен батылдықты қажет етеді. Батылдық пен батырлық қанымызда болған соң, қазақтан көп мықты кәсіпкер шығу керек деп есептеймін. Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, еліміздің жастары ешкімге тәуелді болмай, кәсіпкер болып, әлемнің нарығын бірге жаулауға шақырамын! Қазақ жігіттері бай-бақуатты ел дегенде мәрт, атымтай жомарт болса, еліміз бұдан да үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін.

Когда меня спрашивают, в чем секрет успеха, я с гордостью говорю, что родился в Караганде, где мне заложили фундамент. Вырос в Шымкенте, где научился азам бизнеса. Ведь, лучше шымкентских бизнесу никто не научит. И поехал в Атырау, где зарядился боевым духом и духом конкурентоспособности на международном уровне. В этом и особенность нашей многонациональной страны, которая дает нам такие возможности. где зарядился боевым духом и духом конкурентоспособности на международном уровне.

Я благодарен своей стране, вам Нурсултан Абишевич и вам уважаемый Президент и всему старшему поколению за все возможности которые у нас есть!


Возврат к списку