Ассамблея народа Казахстана

САРСЕНБАЙ ҚАЛИ ҚОШҚАРҰЛЫ, ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР ГАЗЕТЫ «АЛМАТЫ АҚШАМЫ»

Родился 22 марта 1959 года в селе Жайылма Сарысуского района Жамбылской области.

В 1981 г. окончил Казахский государственный университет имени С.М. Кирова. Специализация — журналистика.

Трудовую деятельность начал в 1981 г. с должности корреспондента «Лениншіл жас» (ныне – «Жас Алаш»). 1987-1988 гг. — ответственный секретарь газеты «Өркен-Горизонт»; 1988-1990 гг. — заместитель ответственного секретаря газеты «Жетісу». 1990-1995 гг. — корреспондент, старший корреспондент, заведующий отделом газеты «Егемен Казахстан». 1995-1997 гг. — заместитель главного редактора в журнале «Парасат». 1997-2005 гг. — первый заместитель Главного редактора в газете «Жас Алаш». С 2005 г. — главный редактор газеты «Алматы акшамы».

С 2012 г. — депутат маслихата города Алматы 5-го созыва от избирательного округа № 26 Алатауского района.

***

Аса  құрметті  Елбасы!

«Ең  алдымен  ел  қамы, содан кейін қалғаны» деп Қадыр ақын айтқандай, Сіз Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елдің әлеуметтік жағдайын басты орынға қойып келесіз.

Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстанда қарекет қылған адамға, істің жөнін біліп, жолын тапқан жанға барлық мүмкіндік жасалған.

Ұдайы Сіздің қамқорлығыңызда, назарыңызда тұратын Алматы — ел экономикасының қозғаушы күші, отанымыздың мәдени-рухани ордасы, білім мен ғылымның, спорт пен туризмнің орталығы.

Ел өміріне зор серпіліс әкелген «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын» алматылықтар айрықша ықыласпен қабыл алды.

Қаланың биылғы бюджеті қайта қаралып, барынша әлеуметтік сипатқа ие болды, нақты жобалар қолға алынып, оларға 65 миллиард теңге қарастырылды.

Қазір еліміз бойынша 500 мыңға жуық студент болса, оның жартысына жуығы — ауылдан, я басқа қалалардан келіп оқитын балалар.

Соның ішінде Алматының жоғары оқу орындарында  140 мыңға жуық студент оқиды, колледждерде 27 мыңнан астам жас тегін білім алып жатыр. 

Былтыр мегаполисте 2 мың орындық 4 жатақхана салынса, енді Сіздің тапсырмаңыз бойынша 2020 жылға дейін тағы 20 жатақхана салу жоспарланған.

9 жоғары оқу орны өз күштерімен 6 мың орындық жатақханаларды салуға кіріспек. 

Осылайша, жастар енді пәтер жағаламай, алаңсыз білім алатын болады.

Қаладағы баласының жағдайы жақсарған соң ауылдағы ата-ананың да көңілі жайланады.

Сіздің тапсырмаңызбен көлемі 2 есеге жуық артатын шағын несиелер олардың тіршілігін оңдауға сеп болады. 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жалпы, өткен 26 жылда елімізде 1 миллион 100 мың отбасы қоныс тойын тойлапты. 

Енді олардың қатары арзан ипотекалық несие арқылы тағы да мыңдаған отбасымен толыққалы отыр.

«Тұрғын үй жинақ банкінен» есепшот ашқан 24 мыңға жуық алматылық дәл қазіргі сәтте арзан несиенің жоғарғы шегінің 20 пайызынан асатын қаржы жинапты.  

Яғни, бағдарлама бастала салысымен Алматыда тұратын 24 мың отбасының бірден пәтер алуға мүмкіндігі бардеген сөз.        

Бұл — әсіресе, бюджет саласында еңбек ететін азаматтарға зор мүмкіндік.

Соңғы 20 жылда Қазақстандағы бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысы 17 есеге артқан.

Елімізде 400 мыңға жуық мұғалім мен 72 мыңнан астам дәрігер бар.

Олардың өмір сапасы — жалпы халықтың өмір сапасы деген сөз.

Сондай-ақ, Сіздің бастамаңыз бойынша шамамен 2 миллион адам енді салық жеңілдігіне ие болады екен, оның 210 мыңнан астамы Алматыда тұрады.  

Тиісінше, осынша адамның жалақысы көбейеді.    

Ал, қосымша 20 мың білім гранты — болашаққа сеніммен қадам басатын тағы 20 мың бала деген сөз.

Есептеп қарасақ, соның шамамен 6,5 мыңы тағы Алматыға тиесілі болады екен. 

Жалпы, «5 әлеуметтік бастаманы» кешенді түрде қолға алынған бірегей әлеуметтік бағдарлама деуге болады. 

Бір ауыз сөзбен айтыла салатын құрғақ цифрлардың артында миллиондаған адамның тағдыры тұр. 

Әрине, өмір болған соң қиын жағдайға тап болған жандар кез-келген қоғамда кездеседі. 

Бірақ, халқымыздың бойындағы жанашырлық, қамқорлық, аяушылық секілді ізгі қасиеттер ешкімнің қайраңға шығып қалуына жол бермейді.

Жер аударылып, арып-ашып келген миллиондаған адамды халқымыз өз басына күн туған қиын күндердің өзінде сыртқа теппей, бауырына басқан.

Ондай жағдай сіздің отбасыңызда да болғанын жақсы білеміз.

Бірлік пен татулық — халқымыздың қанында бар қасиет.      

Қазір заман қанша өзгерді дегенмен, осынау ізгіліктер біздің тамырымызда тулап жатыр.

«Рухани жаңғыру» бізді ата-бабалардан мирас болған осынау асыл құндылықтарды қазіргі заманға қажет қасиеттермен ұштастырып, қатар алып жүруге жетелейді. 

Қазақ «баланы ұлша тәрбиелесең ұл, құлша тәрбиелесең құл болмақшы» деген.

Біздің артымыздан ұлттық және азаматтық сана-сезімі мен заманауи білімі қанаттаса дамыған мықты буын өсіп келеді. 

Олардың аяқ алысы мен Сіз жасап отырған қамқорлықты, өзіңіз нұсқаған жөн-жосық, бағыт-бағдарды ескерсек қазақстандықтар көп ұзамай-ақ нағыз жаңа сипатты жаңа халыққа айналады.

Біз ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік бірлігі мызғымайтын біртұтас ел болып келеміз.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тәуелсіздіктің таңы атар тұста Сіз «ел көшін бастау маған, сын, мені қоштау елге сын» деп екі тізгін, бір шылбырды қолға алдыңыз.

Халқыңыз Сізге сенді, соңыңыздан ерді.

Құдайға шүкір, қазақтың кеткені келіп, кемі толды, әлем мойындаған ел болды.      

Сол үшін Сізге қалың еліңіз – қазағыңыздың атынан зор ризашылық білдіремін, елімізді биіктерге бастай беріңіз!

Рахмет!

Возврат к списку