Ассамблея народа Казахстана

СУРАГАН ДУРВУДХАН, ПРЕПОДАВАТЕЛЬ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТА

29.04.2019

СУРАГАН ДУРВУДХАН

(национальность - казах)

Родился в 1988 году в Баян-Өлке Монголии.

Член-корреспондент Национальной академии наук РК, ассоциированный профессор Школы науки и технологии Назарбаев Университета.

Вернулся вместе с семьей в Казахстан в 2005 году.

Самостоятельно освоил курс средней школы. Поступил на грант и окончил Казахский национальный университет им. аль-Фараби.   

По программе «Болашак» учился в магистратуре на математическом факультете Королевского колледжа Лондона.   2 года работал научным сотрудником Королевского  колледжа Лондона.

Обладатель международной премии Ferran Sunyer i Balaguer Prize, лауреат международного научного форума «Heidelberg Laureate Forum 2014» (г. Хейделберг, Германия), государственной премии им. Д. Конаева за лучшую работу в области естественных наук.

Один из наиболее высоко цитируемых ученых Казахстана за рубежом. Суммарное количество цитирований 383 и индекс Хирша (h-index) 13 по базе данных Scopus.

*****

Қайырлы күн, аса  құрметті Елбасы! Құрметті Президент!  Ардақты  қауым! Мен  Монғолияда  туған  қазақпын. Қазақстан тәуелсіздік алғанда, шетте жүрген әр қазақтың мақсаты елге қайту болды. Мен де сол арманмен өстім.

Қайырлы күн, аса  құрметті Елбасы! Құрметті Президент!  Ардақты  қауым!

Мен  Монғолияда  туған  қазақпын.

Қазақстан тәуелсіздік алғанда, шетте жүрген әр қазақтың мақсаты елге қайту болды.

Мен де сол арманмен өстім.

Қадірлі Елбасы, Сіз жүргізген саясаттың арқасында сырттағы ағайынға елге қарай жол ашылды, ата-баба аманаты орындалды.  Сондықтан, барша қандастарымыздың атынан Сізге алғыс айтамын.

Монғолияда, қанша ынтам болса да, мектепке бару мәселесі қиыншылық тудырды. Мал бақтым. Қой жайып жүріп, кітап оқып, есеп шығарып үйрендім. Қай мектепке жақын қоныстанамыз, сол мектепке барып емтихан тапсырып, орта білімді сырттай бітірдім.

Атажұртқа 2005 жылы, 17 жасымда  келдім. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, нәтижесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетіне түстім.  Университетті бітірген соң,  «Болашақ»  бағдарламасымен  Ұлыбританияда, Кингс колледжінде теориялық физика мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтадым. 2 жыл Лондондағы Империал колледжінде ғылыми жұмыспен шұғылдандым.

Содан елге қайтып, конкурсқа қатысып, Назарбаев Университетіне оқытушы болып қабылдандым.

Құрметті қауым!

Монғолияда мал бағып жүріп өскен мен сияқты балаға - бір кезде Лондонға барам,  Назарбаев Университеті  сияқты ордада жұмыс істеймін деген ой түсіме де кірмеген.  

Бұл – орындалған ғажайып арман!

Қадірлі Елбасы!

Сіздің бастамаңызбен құрылған Назарбаев университеті - бүгін әлемдегі танымал оқу орындарының бірі.

Біздің оқытушы-зеттеушілеріміздің ізденістері дүниенің ең басты ғылыми басылымдарында жарық көруде.

Енді жастарымыз өз елінде халықаралық деңгейде білім алуға толық мүмкіндік алды.

Қадірлі отандастар!

2018 жылы, менің математика ғылымындағы зерттеуіме   «Ferran Sunyer i Balaguer Prize» халықаралық сыйлығы  берілді. Бұл сыйлық, әлем бойынша жылына бір рет математика саласында жазылған ең үздік еңбекке беріледі. Сөйтіп, Азия елдерінен шыққан алғашқы жүлдегер және сыйлық тарихындағы ең  жас  ғалым атандым.

Бірақ, мен сияқты қатардағы математикке отандық ғылымның атын әлемдік деңгейде шығаруға мүмкіндік берген - Сіздің жас ғалымдарды қолдауға бағытталған саясатыңыз.     

«100 жаңа есіммен» кездескенде де ғылымдағы жастарға үнемі зор қолдау білдіресіз.     

Биылғы жылды «Жастар жылы» деп жарияладыңыз.

Сіздің тапсырмаңызбен жас ғалымдарға 3 мың грант бөлінді.

Осының бәрі «ғалымның мәртебесін» көтеріп, ғылымға қызығушылықты арттыруда.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізге ғылымға, оның ішінде жас ғалымдарға деген ерекше қамқорлығыңыз үшін шексіз рахметімді айтқым келеді.

Іргелі ғылым -  ұлт мерейі, ол сапалы жоғары білімнің тірегі, еліміздің адами капиталының негізгі көрсеткіші.

Ендеше біз оның дамуына мүдделі болуымыз керек!

Біз Қазақстанды іргелі ғылымдар орталығына айналдыруымыз керек! Бұл – қолдан келетін нақты іс!

Мен жастарды осыған шақырамын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, төртеуіміз түгел болсын! Рахмет!

Возврат к списку