Ассамблея народа Казахстана

ЮНГМИН ЧУ, ПРЕПОДАВАТЕЛЬ В ЕНУ ИМ. ГУМИЛЕВА

29.04.2019

ЮНГМИН ЧУ

(национальность - кореянка)

Проживает в г. Астане с 2015 года, гражданка Республики Корея.

Выпускница  Университета иностранных языков Ханкук, Сеул, Корея.  Магистр в области исследований России и СНГ.   Тема диссертации – «Исследования по формированию «казахстанской» нации: Ассамблея народа Казахстана».

2015-2019 гг. PhD кафедра регионоведения Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева. Тема диссертации: «Международное и региональное значение казахстанской модели мультиэтничного сосуществования: Ассамблея народа Казахстана».

Автор семи научных статей, активно участвует в научных конференциях, в т.ч. организованных АНК. Преподавала казахский язык для первокурсников в Университете иностранных языков Ханкука (2015г.), историю международных отношений и корейский язык в ЕНУ им. Л.Н.Гумилева.

Свободно владеет корейским, казахским и английским языками, изучает русский язык.

*****

존경하는 누르술탄 나자르바예프 카자흐스탄 초대 대통령님,

그리고 카자흐스탄 국민 여러분! (Корейше бастау)

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті  Қасымжомарт  Кемелұлы!

Сессияға қатысушылар және қазақстандық достар!

Ең алдымен мені Сессияға шақырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Аты жөнім - Чу Ионг-Мин, Кореяның Сеул қаласынан келдім. Қазір Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің докторантымын. Қазақстанда оқып жатқаныма үш жыл болды.

Кореяда 97 пайыз кәрістер тұрады. Ол моноұлтты мемлекет.

Қазақстанға бірінші рет келгенде, мемлекеттің көп ұлтты құрамы маған қатты әсер етті.

Мен көптеген шет елдерде білім алдым. Бірақ, солардың ішінен,  халқының бірлігі мықты Қазақстанды таңдадым.

Мені осы жердегі татулық, теңдік, ауызбіршілік таң қалдырады.

Қазақстан кәрістері осы елдің шынайы патриоттары, белсенді қоғам мүшесі екендігіне көзім жетті. Жергілікті кәрістердің арасынан 60-тан астам ғылым докторы, 400-дей ғылым кандидаты шыққаны мені қатты қуантты.

Менің зерттеп жүрген тақырыбым - Қазақстанның көп ұлтты қоғамы және Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Мақсатым – Корея сияқты моно ұлтты елдерге Қазақстандағы ұлтаралық келісімді таныстыру.

Корея мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға мол мүмкіндік бар.

Сеулде, Ханкук Шет тілдері университетінде, Орталық Азия кафедрасы жұмыс істейді.

Сол жерде, жыл сайын, 30 студент қазақ тілін оқиды. Бітіріп кеткен жастар Орталық Азия мемлекеттеріне байланысты жұмыстар атқарады. Мен де қазақ тілін Сеулде үйреніп, Қазақстанда жетілдірдім.

Құрметті Елбасы! Құрметті Президент!

Өткен аптадағы Корей Президентінің  Қазақстанға  сапары - екі елді одан әрі жақындатады деп ойлаймын.  

Бір байқағаным - Қазақстан жастары арасында Q-POP жанры танымал және көптеген адамдар Корей сериалдарын жақсы көреді.

Кореяда да Қазақстанды таныту шаралары өтіп тұрады.   Қазақстан әншілері Корея телеарналарында өнер көрсетті.   Қазақстанның табиғатын, туристік тартымдылығын танытатын хабарлар, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі.

Құрметті қазақстандықтар!

Негізі, қазақтар мен кәрістердің түрлері өте ұқсас.

Көшеде маған көп жағдайда қазақша сөйлейді. 

Қазақ достарым мені Баян деп атайды.

Кейде «Қозы Көрпешің қайда?» деп сұрайды. Оларға «Мені іздеп жүрген шығар...» деймін...  

Мүмкін Қозыны Қазақстаннан табармын.

Ал,  өз басым, екі елдің бірлігін күшейтуге қызмет етемін!

Сіздерге бақыт пен сәттілік тілеймін!

Рахмет!





Возврат к списку