«Ахыска»түрік этномәдени орталығы» ҚБ
1991 жылы ақпанда Алматыда «Түркия» түріктер қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы құрылды. 1996 жылы қоғамдық ұйым «Ахыска» түрік ұлттық орталығы» депөзгертіліп, тіркелді. Кеңес төрағасы болып Күрдаев Тофик Әшімұлы сайланды. Қазіргі уақытта төрт облыстық (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда), 6 қалалық және он үш аудандық филиалдар жұмыс істейді.
Ресурстық база: 2004 жылдың қазан айынан бастап түрік, қазақ және орыстілдерінде ай сайынғы «Ахыска» газеті шығарылады. Үш жексенбілік мектептержұмыс істейді. Түріктердің көбісі тұратын жерлердегі 30-дан астам жалпы білімберетін мектептерде түрік тілі оқытылады. «Тұран» және «Кавказ» би ұжымдарықұрылды. Әр этномәдени бірлестіктердің жанында вокалдық және хореографиялықұжымдар жұмыс істейді.
Басшысы: Касанов Зиятдин Исмиханұлы
Негізгі жобалар
2003 жылғы 6 маусымда Алматы қаласындағы Республика сарайында «Біз – қазақстандықтар» атты түрік мәдениетінің алғашқы республикалық фестивалі өтті. Тұсаукесері Алматы қаласында өткен "Борч" (Борыш) атты екінші көркем фильмнің түсірілімі аяқталды. Түркиядан келген SSN - TURKiYE телекомпаниялары мен ҚР Президентінің телерадиокешені түріктердің өмірі, салт-дәстүрлері туралы "Ахыска"атты деректі телевизиялық фильм түсірді. Жыл сайын ұлттық спорт "Гүреш" аттыкүрес турнирі, жасөспірімдер мен ересектер командалары арасында футболдан чемпионаттар өткізіледі. Республикалық, облыстық және өңірлік мәдениет фестивальдері ұйымдастырылады. Этномәдени бірлестік кітап шығаруға, Түркияның оқу орындарында білім алуға, оқулықтармен қамтамасыз етуге, түрік тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі. 300 адамға арналған толық пансионаты бар нашар отбасылардан шыққан балаларға арналған 480 орынды құрайтын әлеуметтік жоба ретінде қазақ-түрік лицейі салынды (2011 жыл).
Байланыс мәліметтері
Заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Татибекова к-ші, 61
Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 40,Достық үйі, 4 кабинет
Тел.: +7 (7272) 34 58 30
сайты: www.ahiska-gazeta.com