"Филия" Қазақстанның грек қоғамдарының қауымдастығы " ЗТБ
Қазақстанда алғашқы грек мәдени орталығы «Эос» 1989 жылы Алматыда құрылды. Қоғамның дамуы және тұрақты өзара іс – қимыл жасау қажеттілігі 1993 жылы Қазақстанда үйлестіруші орган – «Филия» Қазақстанның грек қоғамдарының қауымдастығы» ЗТБ құрылуына әкелді. Қауымдастыққа 16 грек қоғамы кіреді.
Ресурстық база: 1996 жылы қауымдастық жанынан "Эльпида" вокалдық тобы және "Афродита" грек би ансамблі құрылды. Көркемөнер ұжымдары Панфилов ауылындағы, Шымкент, Кентау, Теміртау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай қалаларындағы, Алматы облысындағы грек орталықтар жанында да жұмыс істейді.
Грекия ұйымдарының көмегімен қауымдастықтың ұсынысы бойынша Алматы қаласында грек тілінің мұғалім-оқытушыларын даярлау бағдарламасы құрылды. 1996-1999 жылдар аралығында Алматы, Шымкент, Тараз, Теміртау, Қарағанды, Алматы облысы Панфилов ауылында, Бішкекте (Қырғызстан) тіл үйрететін 16 оқытушы даярланды.
Қауымдастықтың көмегімен Қарағанды, Теміртау, Кентау, Павлодар облысында, Алматы облысының Панфилов ауылында грек қоғамдары құрылды, сондай-ақ "Эльпида" грек Жастар одағы құрылды.
Қауымдастық жанынан "Афродита" би ансамблі құрылды. Қауымдастық тіл күнін, грек мәдениеті күндерін өткізеді.
Басшысы: Иорданиди Георгий Константинович
Байланыс мәліметтері
050100, Алматы қаласы, Құрмағазы к-сі, 40 үй, Достық үйі
Тел.: +7 (7272) 67 07 46, +7 (7272) 92 63 82
факс: +7 (7272) 67 07 46, +7 (7272) 92 63 82
e-mail: p_feodoridi@mail.ru
cайт: www.filia.kz
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті