Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» Қоғамдық Қоры

1992 жылы Қазақстан немістерінің бірінші съезінде «Возрождение» республикалық қоғамдық ұйымы құрылды, кейіннен ол "Возрождение" («Wiedergeburt») Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы деп аталды.

1994 жылы Алматыда неміс үйі ашылды. 1996 жылы Қазақстанның неміс жастары одағы құрылды, оған республиканың 30 шақты клубтары кірді.

2017 жылғы 17 қазанда Астанада «Возрождение» Қазақстандық немістер қауымдастығы қоғамдық қорының жарғысына сәйкес Қазақстан немістерінің жалпыұлттық конференциясы өтті. Конференцияда қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Альберт Павлович Рау сайланды.

2018 жылғы 1 ақпаннан бастап Дмитрий Редлер атқарушы директор болып тағайындалды. 2018 жылғы наурызда "Возрождение" ҚНҚБА ЗТБ құрылтайшылары оны "Возрождение" неміс қазақстандық бірлестігі" Қоғамдық қорына қосу арқылы қайта құру туралы шешім қабылданды.


Ресурстық база: Қор Қазақстанның барлық 21 аймақтық немістер қоғамдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Құрылтайшылар кеңесі Қордың жоғарғы басқару органы болып табылады. Қордың атқарушы бюросы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

50 жылдан астам уақыт бойы неміс ұлттық «Deutsche Allgemeine Zeitung» (бұрынғы «Фрейндшафт») газеті жарық көріп келеді. Сондай-ақ, қор Ресейдегі, Украинадағы, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Германиядағы немістердің ұйымдарымен өзара тығыз қарым-қатынаста. Қор GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамымен, DAAD Гете институтымен, Қазақстан-Неміс университетімен, Конрад Аденауэр атындағы қормен, Общество по международному экономическому и научному сотрудничеству bw-i халықаралық ғылыми және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қоғаммен және т.б. ұйымдармен әріптестік қарым қатынас орнатқан.

Жетекшісі: Редлер Дмитрий Викторович

Басты жобалары: Қордың қызметі көп салалы. Ол әлеуметтік, жастар, тіл, білім және этномәдени салаларда кәсіби жобаларды жүзеге асыруда.

Байланыс мәліметтері

Фронт-офис: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғ. 52, 5-үй

Телефондары: +7 (7172) 42 93 95

Неміс үйі: Алматы қ., Самал-3 шағын ауданы, 9

Телефондары: +7 (7272) 63 58 01, факс: +7 (7272) 63 58 19

Веб-сайт: www.wiedergeburt.kz

e-mail: stiftung.wiedergeburt@gmail.com

Возврат к списку