ҚХА Журналистер клубы
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша Журналистер клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясындағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен этносаралық қатынастар, патриотизм, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлау сияқты тақырыптарды кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында құрылды.
Клуб - толеранттылықты, ұлтаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң.
Клуб құрамына этносаралық қатынастар мәселелерін насихаттайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының (жетекшілері, бас редакторлары, тілшілері) 25 журналисі кіреді.
Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды; ұлтаралық тақырыптарды дұрыс жеткізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныстар әзірлейді.
Жылына бір рет Журналистер клубының кеңейтілген отырысы ұйымдастырылып, жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, қажет болған жағдайда клубтың жаңа төрағасы сайланады. Сондай-ақ, отырыста қатысушылар медиа – БАҚ, әлеуметтік желі, медиа мектеп сияқты салалардағы өздерінің сәтті жобаларын таныстырып, ашық алаң форматында тілшілер бір-бірімен пікір, тәжірибе алмаса алады.
Клубтың қолдауымен ҚХА жыл сайын журналистика кафедраларының студенттері арасында «Аңсар» әдеби байқауын және «Шаңырақ» этно-журналистика саласындағы шығармашылық байқауын өткізіп келеді.
ҚХА Журналистер клубының төрағасы -
Майя Бекбаева, KazakhTV бас директоры
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді