Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесі

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

«Елдесу және татуласу» қоғамдық жобасының іске асырылуы және этномедиация институтының дамуы туралы 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Межэтностық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі этномедиация институтын дамыту мәселелері бойынша жүйелі түрде үйлестіру және мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.

2024 жылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КГУ-ларындағы медиация кабинеттері этномедиация орталықтары болып қайта құрылды, олардың құрамына кәсіби медиаторлар, заңгерлер, педагогтар, психолог, дінтанушы, журналист және қоғам қайраткерлері кіретін кадрлық база қалыптастырылды. Бүгінгі таңда республика бойынша 20 этномедиация орталығымен 21 этномедиация кеңесі (1 республикалық, 20 өңірлік) жұмыс істейді. Ассамблеяның медиаторлар тізімінде 298 этномедиатор тіркелген.

2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілхановтыңтөрағалығымен республикалық этномедиация кеңесінің екі отырысы өтті – тамызда Астана қаласында, қазанда Алматы қаласында.

Ассамблеяның «Елдесу және татуласу» қоғамдық жобасы аясында этномедиация институтын дамытуға, медиаторлардың кәсіби деңгейін арттыруға және этносаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

2024 жылы 30 оқыту семинары-тренинг өткізіліп, оған 1 207 адам қатысты (2023 ж. – 1 389 адам), сондай-ақ 810 тақырыптық іс-шара (дөңгелек үстелдер, кездесулер, диалог алаңдары және т.б.) ұйымдастырылып, олардың аясында 24 мыңнан астам адам қамтылды.

Үш деңгейлі этномедиаторлар пулын қалыптастыру жұмысы жалғасын тапты. Жалпы саны 328 адамды құрайды:

· I деңгей – 52 сарапшы (республикалық деңгейде этносаясат, этнопсихология және қақтығыстарды реттеу салаларында тәжірибесі бар мамандар);

· II деңгей – 84 маман (өңірлік деңгейде практикалық тәжірибесі бар, жергілікті этностармен тығыз жұмыс істейтін өкілдер);

· III деңгей – 192 азамат (базалық дайындықтан өткен, жергілікті деңгейде алдын алу жұмысын жүргізуге қабілетті тұлғалар).

2024 жылғы желтоқсан айында этномедиация институтын өңірлік деңгейде дамыту тәжірибесімен алмасу мақсатында Маңғыстау облысының делегациясы Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына іссапармен барып, кеңейтілген кеңес отырыстарын өткізіп, сарапшылармен және этномедиаторлармен тәжірибе алмасты. Бұл үлгі өзге өңірлерге ұсынылатын формат ретінде бағаланды.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, этномедиация орталықтары 423 іс-шара өткізіп, 21 599 адамды қамтыды. Атап айтқанда, этносаралық шиеленістердің алдын алуға, еңбек ұжымдары мен білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған белсенді жұмыс Астана, Шымкент, Атырау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жүргізілді.

9 өңірде орталық координаторлары кәсіби медиация курсынан өтті, 16 өңірде Этнополитикалық зерттеулер институты ұйымдастырған семинар-тренингтерге қатысты. Бірқатар облыстарда этномедиаторлар ауылдық елді мекендерге шығып, тұрғындармен профилактикалық кездесулер өткізді.

Бөлінген қаражат шеңберінде тәжірибелі жаттықтырушыларды тарта отырып, Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақтөбе, Атырау, Түркістан және Қарағанды облыстарында этномедиация бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы этномедиация кеңестерінің мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне, студенттер мен оқытушыларға арналған этномедиация негіздеріне қатысты оқыту сессияларын өткізді.