Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Мамыр, 2024

68

Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда

«1 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» атты акциясы аясында Петропавл қаласына жалпы соммасы 31 млн. теңгеге - азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық және бірінші кезекте қажет болатын заттармен 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіп жатырмыз. Гуманитарлық көмекті жинауға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер қатысты», - деді Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық көмекті жинау штабының жетекшісі Рустам Кайрыев.


Кейін қарай

Ең оқылымды