Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2024

64

«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, ҚР Оқу ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ қолдауымен «Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті.


Іс-шараға 72 елордалық мектептің 120-ға жуық өкілі, омбудсмендер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.



Ұйымдастырылған семинар мектеп оқушыларының білімін кеңейтіп қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

Іс-шара барысында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ президенті Есенғазы Иманғалиев бірлік пен келісімнің маңыздылығы, олардың елдің өрлеуі мен дамуы барысында атқаратын рөліне кеңінен тоқталды. Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған институт ретіндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи мен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтар жастарды тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары рухында тәрбиелеу тетіктерін баяндады. Сондай-ақ, жанжал тудыратын жағдайларының алдын алу және қоғамдық медиацияны дамыту турасында ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов сөз қозғады.

Әрі қарай пікірталас барысында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жаттықтырушылары «Қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбына тереңдей отырып, оның мектеп омбудсмендерінің міндеттерін табысты орындаудағы маңыздылығына мән берді. 


Пікірталас барысында оқушылар тиімді қарым-қатынас жасау дағды ғана емес, сонымен қатар жанжалдарды шешудің, үйлесімді қарым-қатынастарды қолдау мен сындарлы нәтижелерге қол жеткізудің негізгі құралы болып табылатынын атап өтті.


Семинар соңында әрбір қатысушы бағалы білім алып қана қоймай, іс-шараға белсенді қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болды.




Кейін қарай