Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Мамыр, 2024

74

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті

Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне орай, «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі оңалту орталығында абаттандыру жұмыстарына ЭМБ мүшелері, ҚХА «Ассамблея жастары», «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бірігіп, сенбілікке қатысты.


Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: - шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгіншығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұлкүнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елордажәне ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстауөзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтанжастарға зор үмітпен қараймын, – деді.

Атырау қаласында орналасқан «Маленькая страна» әлеуметтікауылы, 2022 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың физикалық белсенділігін арттыру, оңалту және әлеуметтену үшін жағдай жасау үшін, барлық топтағы және жастағы мүгедектермен жұмыс, сондай-ақ «үшінші» жастағы адамдар (зейнеткерлер) жұмыс тобымен құрылған.


Акция барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болып, жасампаздықтың, татулықтың, достықтың, мейірімділіктің, адамгершіліктің символына айналды.

Кейін қарай

Ең оқылымды