Мейрамбек Қиықов: Абайдың кітабы мен М. Əуезовтың «Абай жолы» əрбір отбасында болуы керек
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» атты кітабында, Абай «Адам болам десеңіз» деген тезисінде Абай өз заманының теңдесі жоқ ойшылы болғандықтан, оның адам болу туралы ойларының рухани өзекті желісін жетерліктей танып білу қастерлі міндеттеріміздің бірі болып саналмақ деген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың халқымызға ой салатын, ұрпағымыздың санасының көкжиегін кеңейтіп, тəрбие-тағылым алатындай маңызды мағаналы істер атқаруымыз керек деп айтуы – Абай іліміне ғылыми тұрғыдан мемлекеттік деңгейде өте жоғары мән берілетіндігі.
Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін əрбір қазақ баласы оқып, санамен, жүрекпен қабылдап, өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керектігі - ақиқат.
Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екендігін аңғартса керек. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының Абайдың кітабы мен Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы» романы əрбір отбасында болуы керек деген ұсынысын толығымен қолдаймын.
Абай тұлғасы мен мұрасын елімізде ғана емес, шетелдерде де насихаттау – біздің рухани байлығымызды, мәдениетімізді халықаралық деңгейге көтеріп, Абайдың ұлылығын асқақтату. Ең бастысы өткізілетін іс-шаралардың өскелең ұрпаққа тəрбиелік маңыздылығының жоғары болатындығында.
Мейрамбек Қиықов,
ҚХА мүшесі,
Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
5 Наурыз, 15:03
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
1 Наурыз, 17:08
Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»
2 Наурыз, 11:53
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы