Қазақстан халқы Ассамблеясы

Баян — орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді.

Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстық қатар, ал оң жағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемелдер бар.

XX ғасырдың басында Ресейде баян жасаудың В. П. Хегстрем, Н. З. Синицкийлер ойлап тапқан жүйелері (мәскеулік, шетелдік, т.б.) пайда болды. 1929 жылы Стерлигов баянның шартты түрдегі “дайын-таңдамалы” түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері — көптембрлы “дайын-таңдамалы” баяндар.

Баян жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың, көркемөнерпаздарүйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.