Қазақстан халқы Ассамблеясы

«еКОМЕК» қайрымдылық қоры қоғамдық және жеке ресурстарды мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесін шешу үшін біріктіреді

28 сәуір 2016 ж., Астана қ.

«еКОМЕК» қайырымдылық қоры «БірлестікЖолы» жобасын іске асырады, жоба мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді баспанамен қамту мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі адамдардың баспана алуы үшін қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу, мәселенің оңтайлы шешімдерін қарастыруда барлық қызығушылығы бар тараптар мен серіктестерді тарту, қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық деңгейде ұсыныстар дайындау жоспарлануда. «Мәселенің өзектілігін назарға ала отырып» біз мүгедектер арасында сұрау жүргіземіз, ол мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін орташа айлық табысы бар және әлеуеті мен қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізілгеннен кейін қызығушылық танытқан серіктестермен сұрақтарды талқылау, тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер қатары мен толықтырулар енгізу ұсынылады. «Бұл адамдарға мемелекеттік бағдарламаға жеңілдік-шартымен қатысуға көмек беретін еді»- дейді «еКОМЕК» қайырымдылық қорының президенті Алмаз Ержан.

Қоғамдық қор қызметі «еКОМЕК Қайырымдылық қоры» мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту мен қоғамның барлық саласына ат салысуға, олардың құқықтарын қорғаушы заңдардың қабылдануына ықпал жасауға бағытталған.

Жоба АҚШ агенттігінің халықаралық даму (USAID) бағдарламасының қаржыландыруымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ), Қазақстандағы «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» гранттық бағдарламалар аясында жүзеге асырылады.

Бұл пресс-релиз Американ халқының Америка Құрама Штаттарының даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында дайындалды. «еКОМЕК Қайырымдылық қоры» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің пікіріне сай келмеуі мүмкін.

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі USAID, АҚШ-тың шетелдік көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыра отырып әлемнің 80-нен астам елдеріне экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ азаматтарға жергілікті қауымдастықтарды нығайту және азаматтық, экономикалық әл-ауқатты арттыру арқылы өз болашағын құруға белсенді қатысуға көмектесе отырып, қоғамды және ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ бағдарламалары туралы толық ақпаратты және қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің тізімін www.ef-ca.kz сайтынан ала аласыз.