Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚХА-ның «ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ ЖОБАСЫ

2016 жылғы 23-24  қыркүйек күндері Алматы қаласы мен Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жібек жолындағы жүздесулер» – «Орталық  Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі» атты жыл сайынғы Халықаралық мәдениеттану жобасының іс-шаралары өтеді (бағдарлама жобасы қосы беріліп отыр).  

23 қыркүйек күні сағат 8.30-де Алматы қаласындағы Достық үйінде  (Құрманғазы, 40) жоба бастау алып, қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі өткізіледі.   

Ресми ашылаудан кейін жоба іс-шаралары Алматы облысының Кербұлақ және  Ақсу аудандарында   жалғасатын болады.  Жоба қатысушылары «Алтын Емел»  мемлекеттік ұлттық-табиғи саябақтағы, «Алтын Емелдегі» Шоқан Уәлиханов  мемориалдық музейіндегі іс-шараларға қатысып, Желдіқара тарихи жеріне бару («Шыңғысхан» төбесі) барады.

24 қыркүйек күні сағат 10.00-де Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында (Жансүгіров көшесі, 36 «Б») «Орталық  Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі» жобасының жалпы отырысы болады. 

Іс-шараға Қазақстанның  белгілі ғылым қайраткерлері, халықаралық сарапшылар: Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Голландиядан және Қытайдан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен, ҚР Білім және ғылым министрлігінен келген жетекші ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА кафедраларының өкілдері,  этномәдени бірлестіктер   өкілдері,  БАҚ өкілдері қатысады.   

Жалпы  отырысты ҚХА-ның «Жібек жолындағы жүздесулер» Халықаралық мәдениеттану жобасының жетекшісі, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері М.М.Әуезов.  

***

«Жібек жолындағы жүздесулер» атты Халықаралық мәдениеттану жобасы  2006 жылдан бастап Орталық Азия өңірі елдерінің қатысуымен жыл сайын өткізіледі.  

Жүздесулердің 10 жылдық тарихында  – олар Орталық Азия өңіріндегі елдердің сарапшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениаралық диалогты дамыту мәнмәтінінде жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды сақтау бойынша шын мәніндегі пәрменді алаңшаға айналды. 

Семинар негізгі проблемаларға талдау жасалып және оларды шешу жолдары іздестіріле отырып, ашық, өзара сенім нысанындағы әңгімелесу түрінде өтеді.  

Жобаның мақсаты – Орталық Азия өңіріндегі елдердің және халықтардың арасында жан-жақты байланыстардың нығаюына, мәдениетаралық диалогты дамыту мәнмәтінінде жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды сақтауға жәрдемдесу. 

___________________________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz