Қазақстан халқы Ассамблеясы

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ

2016 жылғы 28 қарашада сағат 15.30-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бас корпустың атриумы) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясын қорытындылау рәсімі салтанатты түрде өтеді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, Астана қаласының этномәдени бірлестіктері мен студенттік қауымның өкілдері қатысады.

Акцияның мақсаты – жастарды Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегінде жұмылдыру, Бес институционалдық реформа мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қолдау.  

«Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап акцияның нышаны болып табылады. 

Аталған кітапта «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының біріктіруші рөлін көрсететін, өңірлердің Тәуелсіздік жылдарында жеткен толағай жетістіктері туралы жастардың Елбасыға арналған үндеулері жинақталған.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Талдықорған қаласынан бастау алған акция еліміздің барлық өңірлерінде өтті.

________________