Қазақстан халқы Ассамблеясы

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ Шымкент қаласындағы

2016 жылғы 8 қараша күні, сағат 16.00-де Шымкент қаласындағы жеңіл атлети­ка­лық спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтеді.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары –Ералы Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚХА және аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен  зиялы  қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер (барлығы 5000-нан астам адам) қатыспақ.

Акцияның мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында  ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  қосқан үлесін және жетістіктерін көрсету.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылады. 

Кітапта  Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде  жастарға жасалған қамқорлықтар, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші  рөлін және өңірлердегі  жастардың ҚР Президенті – Елбасына  қолдауын көрсететін үндеулері жазылуда.

Үндеуде еліміздің барлық өңірлерінің жастары Елбасы басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген зор жетістіктерін, оның шешуші факторы бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Елбасының бастамаларына қашан да  қолдау білдіруге  дайын екендіктерін білдіруде.

2016 жылғы 4 қарашада  Талдықорған қаласында  бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Алматы  қаласынан кейін үшінші  болып, біздің облысымызда ұйымдастырылып отыр. Әрі қарай еліміздің барлық аймақтарында жалғасатын акция 28 қарашада Астана қаласында  қорытындыланады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері мекен етеді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.