Қазақстан халқы Ассамблеясы

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ Тараз қаласындағы

2016 жылғы 9 қараша күні сағат 15.00-де Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтеді.

Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаев, ҚХА және облыстық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен  зиялы  қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер - барлығы 1000-нан астам адам қатыспақ.

Акцияның мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында  ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  қосқан үлесін және жетістіктерін көрсету.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» -  «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылады. 

Кітапта  Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде  жастарға жасалған қамқорлықтар, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші  рөлін және өңірлердегі  жастардың ҚР Президенті – Елбасына  қолдауын көрсететін үндеулері жазылуда.

2016 жылғы 4 қарашада  Талдықорған қаласында  бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы еліміздің барлық аймақтарында жалғасып, ҚР Тұңғыш Президенті күнінде қорытындыланады.