Қазақстан халқы Ассамблеясы

«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮЛГІСІ: БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумы өтеді.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы – Г.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ресей, Еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Орталық Азия және т.б. елдердің ғалымдары мен сарапшылары, БАҚ  қатысады.

Форум барысында полиэтникалық жағдайдағы этносаралық диалог моделі қалыптасуының отандық және әлемдік тәжірибесі қаралатын болады. 10-нан астам елдердің заманауи ұлттық үлгілері, көпэтносты қоғамдағы азаматтық бірегейлікті нығайтудағы факторлар, тіл саясатының баршаны біріктірудегі рөлі талқыланады.

Форум жұмысы аясында үш бағыт бойынша панельдік пікіралмасулар ұйымдастырылады.

________________________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz