Қазақстан халқы Ассамблеясы

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

2016 жылғы 21 қазанда сағат 14.30-да, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Жамбыл» залында (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50) Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласындағы Қазақстан Республикасының  25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері,  медиа-құрылымдардың басшылары, сондай-ақ, республикалық, өңірлік және этностық БАҚ, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастар қауымы қатысады.

«Шаңырақ» байқауы ел журналистерінің арасында жыл өткен сайын танымал болып келе жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде ғана республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының 17, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының  25 журналисі байқау жеңімпаздары болып танылды.

Биылғы жылы да құрамына қазақстандық журналистиканың бетке ұстар беделді тұлғалары енген құзыретті жюридің шешімімен байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары іріктеліп алынды. 

Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі – оның шеңберінде мемлекеттік тілді насихаттау мен танытып-таратуға арналған арнайы жүлделер тапсырылып, журналистердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚХА-ның іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге сіңірген еңбектері бағаланады. 

Байқауға қатысушылар мен қонақтарға арналып, университет холлында «Тәуелсіздіктің 25 сәті» фото көрмесі ұйымдастырылады. 

***

Байқауға теле-радио және баспа БАҚ журналистерінің 200-ге жуық  материалдары келіп түсті. «Шаңырақ» байқауы ҚХА-ның «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық бірлік жобасын іске асыру аясында өткізіледі.

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz