Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кітаптар

Қазақстандағы ислам және православие: өзара әрекеті тарихы мен концептуалды мәселелері

Авторы: А.Г. Косиченко. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр бойына Қазақстанда ислам мен православиенің даму тарихына олардың өзара әрекеті, билікке қатынасы, ХХ ғасырдағы дінді қудалау призмасы арқылы талдау жүргізілген. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының 1920 және 1990 жылдары аралығында Қазақстанда ислам мен православиенің жұмыс істеу ерекшеліктері жөнінде түсінік беретін кең ауқымды материал пайдаланылған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы діни жағдайды ашып көрсететін статистикалық мәліметтер келтірілген. Бүгінгі қазақстандық қоғамның дінге қатысты өзекті мәселелері: ислам мен православие үшін бірыңғай адамгершілік негіздеріне сай қоғамды біріктіру мүмкіндігі; дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалог және оның қоғамның тұрақтылығына әсері; конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру; діннің экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы рөлі; Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы діни лидерлердің алатын орны талқыланады.

Монография гуманитарлық саладағы ғалымдарға, діни лидерлерге, діни саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік құрылымдардың шенеуніктеріне, «дінтану» мамандығы бойынша студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, қазіргі әлемде діннің әрекет ету мәселелерімен айналысатын барша қауымға арналған.


Рухани жаңғыру: «Мәңгілік Ел» құндылықтары және Алаш идеясы

Бас редактор С.М. Сыздықов. Хрестоматиялық құралда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы контексінде «Мәңгілік ел» құндылықтары мен «Алаш» идеясының қалыптасуы, даму үдерістері және тарихи сабақтастығы туралы отандық тарихтың маңызды кезеңдерінен жан-жақты, мол мағлұмат беретін тың деректік материалдар мен құжаттар жүйеленіп берілді. Бұл әмбебап құрал жоба орындаушылары тарапынан дайындалып, осы хрестоматия атауына сәйкес «Рухани жаңғыру: Мәңгілік Ел құндылықтары және Алаш идеясы» оқу-әдістемелік құралымен байланыста бірге әзірленді. Сондықтан оны оқу-әдістемелік құралына сүйене отырып, пайдаланған орынды.

Хрестоматия Қазақстан халқы Ассамблеясының РММ «Қоғамдық келісім» бастамасымен атқарылып жатқан «Қазақтану» бағдарламасын жүзеге асыруға көмекші құрал ретінде этно-мәдени бірлестіктерге, сонымен қатар республикадағы университет, колледж студенттеріне, мектептің жоғарғы сыныптарының оқушыларына арналған.

«Мәңгілік Ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең. Ұжымдық монография

Ғылыми редакциясын басқарған Ә. М. Рахымжанов. Бұл монографияның негізін 26 қазанда Назарбаев орталығында өткен «Мәңгілік Ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференцияның баяндамалары құрайды. Конференцияға жетпістен астам баяндама келіп түсті, олардың жиырма үші іріктеліп, толықтырылып, ұжымдық монография ретінде шығарылып отыр. Монографияның тарауларында «Мәңгілік Ел» идеясының шығу тарихы, оның түркі философиясында көрініс табуы, ұлттық идея ретінде қалыптасуы және оның басты құндылықтарына зерттеу жүргізіледі. Әсіресе, «зайырлы мемлекет», «Астана», «қазақ мәдениеті», «мәдени құндылықтар» жеке-жеке талданады. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» идеясының контексінде Қазақстанның экономикалық дамуы, құқықтық жүйе, мәдениет, саясат салалары қарастырылады.

Өз кезегінде ақпараттық және этнопедагогикалық мәселелер тұрғысынан осы идеяның маңыздылығы анықталады. Монография жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан орталық және жергілікті басқару органдарының өкілдеріне арналған.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ – Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалар – этнос өкілдері.

Деректер базасы «Этностардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі (көрнекті тұлғалар бойынша электрондық деректер базасын өзектендіру)» жобасын іске асыру шеңберінде «Этносаралық қатынастар саласында қолданбалы этносаяси зерттеулер мен іс-шаралар жүргізу жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Деректер базасы «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына үлесін зерделеу» жобасын іске асыру аясында 2019 жылғы жоба негізінде әзірленді. Ел тарихына, қазақ мәдениетін, экономикасын, ғылымы мен тілін дамытуға, халықтарды интеграциялау процесіне, бейбітшілік пен келісімді құруға елеулі үлес қосқан, Қазақстанға шынайы төзімділік пен сүйіспеншіліктің эталоны болып табылатын көрнекті тұлғаларды - әр түрлі этностардың өкілдерін анықтауға, зерделеуге және танымал етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар қамтылған.

Возврат к списку