Видео
01.12.2023
БАС ҚАЛАДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға қызмет етіп келеді. Қазіргі кезеңде Ассамблея елдегі тұтастық пен тұрақтылықты сақтауда татулықтың мызғымас тұғырына айналды.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында дүние жүзінде ешкімге ұқсамайтын, уақыт сынынан сүрінбей өткен, ұлтымыздың дархан мінезі мен парасаттылығын әлемге мәшһүр етіп, тәуелсіз ел бола алатынын дәлелдеген Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жемісін беруде.
Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауда біз секілді аға буын өкілдерінің атқарар маңызы зор. Дәл осындай мақсатта еліміздің Бас қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті.Онда Ақсақалдар кеңесінің басымдықтары мен міндеттері туралы бірқатар мәселелер талқыланып, атқарылуы керек жұмыстарды ортаға салдық.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сабақтастық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің дәстүрлі институты ретіндегі Ақсақалдар кеңесінің рөлі мен маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ өңірлердегі менің әріптестерім мен замандастарым да аталған кеңеске қатысып өз ойларын, елдің тыныс-тіршілігін жеткізді.
Сөз соғында айтарым жүзден аса ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған Қазақстанымды мәртебе әрі мақтаныш санаймын. Еліміздегі тағдыр тауқыметін келген әрбір этнос өкілдерінің жүрегі қазақ деп соғуы керек. Әр шаңырақ қазақтың салт-дәстүрін ұстанауы қажет. Бір-бірімізді жатсынбай, қайта қолымыздан келгенше бір-бірімізді қолдауға, көмектесуге даяр тұрамыз қажет. Қазақ елінің бауырмашыл, татулықты сүйетін, қиын кезеңде бүтін нанды бөліп жейтін қасиетіне басымды иемін. Біздің де аталарымыз тағдыр талайымен қазақ топырағынан екінші Отанын тапты. Қазір жан-жағымызда небір оқиғалар болып жатыр. Әлемдегі менмін деген мемлекеттердің де өзіндегі қиыншылықтарды көріп отырмыз. Ал, бізде тыныштық, татулық, бейбітшілікті ту ететін берекелі ел екенімізді көрсетіп келеміз. Бұл дегеніміз мемлекеттік саясатымыздың дұрыс жолға қойғаны деп түсінемін. Аман болайық ағайын.
ИСМАИЛОВ ЯХИЯҚАЖЫ АБДОЛЛАҰЛЫ
Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі
Астана қаласы , “Ырыскелді Қажы” мешітінің Имамы
Ұқсас жаңалықтар
-
Орал қаласының Достық үйінде БҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мен экоВолонтермын» атты жобасын өткізді
-
Ақтөбе облыстық "Қоғамдық келісім" КММ "Ассамблея жастары" РМД Мәртөк ауданында этнос жастары арасында ұйымдастырған "JastarLIFE" жобасы
-
Н.Шанаи: Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту
-
Өмірзақ Шөкеев: Түркістандық ЭМБ ішкі бірлігімізді нығайтуда бастамалар жаршысы қызметін атқарып келеді
-
Достық үйінің басшыларымен кездесу өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Орал қаласының Достық үйінде БҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мен экоВолонтермын» атты жобасын өткізді
-
Ақтөбе облыстық "Қоғамдық келісім" КММ "Ассамблея жастары" РМД Мәртөк ауданында этнос жастары арасында ұйымдастырған "JastarLIFE" жобасы
-
Н.Шанаи: Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту
-
Өмірзақ Шөкеев: Түркістандық ЭМБ ішкі бірлігімізді нығайтуда бастамалар жаршысы қызметін атқарып келеді
-
Достық үйінің басшыларымен кездесу өтті