Видео сұхбат

Русалина ПРЯХИНА - Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Русалина Пряхина Абай Құнанбаевтің «Көзімнің қарасы» әнін орындап береді және ұлты орыс болса да қазақ тілін қалай үйренгенін айтады.

Сабри АСАНОВ - Жамбыл облысының «Барбанг» күрд этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы

«Барбанг» күрд этномәдени орталығының жұмысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі жайлы.

Альбина ТАПАЕВА - Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы

«Ұлы даланың қазынасы» және «Жамбыл облысының этникалық топтарының дәстүрлері мен мәдениеті» жобалары туралы сұхбат.

Дүниядар АБДУЛЛАЕВ - Жамбыл облысының «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы

 Жамбыл облысы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің тарихы. Өзге ұлт өкілдерінің тарихын, тілін дамытуға Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалы.

Раиса БИТКОВА - Атырау облысының «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы

Атырау облысының «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова - өз ортылығының тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі жайлы сұхбаты.

Зелимхан ЗУБАРИЕВ - Атырау облысының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы

Атырау облысы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің тарихы. Өзге ұлт өкілдерінің тарихын, тілін дамытуға Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалы. Тарих толқынындағы өткені мен бүгінгі күн арасындағы сабақтастық...

Акмал АМИРОВ - Атырау облысының «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

«Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің жұмысы және қол жеткізген жетістіктері туралы бірлестіктің төрағасы Амиров Акмал Абдулхамидовичпен сұхбат.

Юлия ЛАГУТКИНА - «Оберег» украин этномәдени орталығының мүшесі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-ші курс студенті Юлия Лагуткина Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасынан үзінді оқып береді және «Оберег» украин этномәдени орталығының жұмысымен таныстырады.

Ерлан ҚҰСАЙЫН - Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы жайлы және қоғамдағы жастардың орны, олардың белсенділігі туралы сыр шертеді.


1 - 10 бірі 55