Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2016

713

«Қайырымдылық керуені» жолда

Қазақстан халқы ассамблеясын 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды  дамытудың жаңа бағыттары көрсетілген. Республикада барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру орталығы міндеттерін Қазақстан халқы ассамблеясы атқарады. Осы жұмыс өткен жылғы  «ҚХА-20 - ізгі іс» эстафетасымен басталып, оның аясында Жамбыл облысында 2860 адамға 1.34 миллиард теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл - республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Осы жылы «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы көмек қажет ететін адамдарға қаражат жинауда күш ала бастады.

Аймақта қоғамдық ұйымдарда қайырымдылық қызметті үйлестірудің жолдары мен міндеттері жайлы мәселе «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық «Қызыл ай» қоғамы, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Ақ желкен» жастар  лигасының қатысуымен облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралып талқыланды. Отырыста облыс ҚХА хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, аналар кеңесінің төрағасы М. Миражапова, аймақтық «Қызыл ай» қоғамының төрағасы О.Тастемірова, «Ақ желкен» жастар лигасының көшбасшысы З.Махусеев шығып сөйлеп, кең көлемді және мақсатты акцияларды өткізуде бір-бірлерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға шақырды. Іс-шараға қатысушылар барлық қоғамдық ұйымдарды, Жамбыл облысының қайырымды азаматтары мен жебеушілерін қайырымдылықты қажет ететін аса мұқтаж адамдар мен отбасыларына нақты көмек көрсету үшін бірігуге шақырып, үндеу қабылдады.

 

Жамбыл облысы әкімі аппартының

 «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай